Киім сатып бай болғандар



Дата18.04.2022
өлшемі18.9 Kb.
#173022
Байланысты:
КИІМ САТЫП БАЙ БОЛҒАНДАР #2
«SAUMAL VITA & MINERALS» турецкий, Қазақ әдеби сынының тарихы 1-СӨЖ

КИІМ САТЫП БАЙ БОЛҒАНДАР
Киім бизнесі – қазіргі таңда трендте жүрген, танымал  бизнестің түрі. Бұл бизнес арқылы кемінде 1 000 000 тг табыс табуға болатынын көп адам біледі. Бірақ, барлығына оның бренд болмағаны,  конкуренттің көптігі, бутиктің жоқтығы, оны арендаға алу, тауарды сатып алу үшін де сол млн теңге ақша керек деген ойы кері әсер етеді. Ендеше, осы ойды бұзатын жақсы ұсынысты айтамын. Оны айтпас бұрын киім сатып, осы салада  жетістікке жеткен әлемдік және Қазақстандық брендтерге назар аударып өтейік.

Орта кластағы әйел адамдарға арналған киімдерді дайындап шығарушы «ЗАРА» брендін бәріңіз білетін боларсыздар. Сол брендтің құрушысы Амансио Ортега отбасылық жағдайына байланысты мектепте білім алудың орнына арнайы көйлек дүкенінде жұмыс істеп бастайды. Содан басталған қызығушылықпен өзінің брендін нақты қолға алғанға дейін солкездегі танымал модельерлердің киім моделін көшіріп бастаған. Кейіннен осындай тәжірибе арқылы өзінің талғамы да қоса қалыптасып, қазіргі таңда брендке айналған «ЗАРАны» әлемге танытты. Нақты дүкен болып ашылмай тұрған кезінде оған бір клиенті біршама данамен халат тапсырыс береді. Бірақкейіннен клиент бұл тапсырысынан бас тартқанда әйелі екеуі сатудың жолын ойластыра бастайды. Соның себебінен қазіргі брендтің алғашқы дүкені пайда болған.

Ортега бұл саланы дамыту барысында бәсекелестерді де бақылауды ұмытпады. Әртүрлі киім үлгілерініңдизайнын жасап, халыққа ұсынып, тест жасап отырды. Нәтижесінде, халықтың қалауы мен трендке сай келетін киімдерді шығара бастады.

1985 жылы Ортега өзінің INDITEX атты компаниясын құрды. Бұл компанияда қазіргі таңдағы танымал брендтер шығады. 1988 жылы Португалия, оданкейін НЬЮ-Йорк, Парижде Зараның дүкендері ашыла бастады. Бұл брендтің тек әйелдерге арналғанын біліп, жастарға арналған күнделікті киюге арналған PULL&BEAR брендін, одан кейін BERSHKA, STRADIVARIUS секілді бірнеше брендтерді әртүрлі аудиторияға арнап дайындап шығара бастады.

Зараның жалпы әлем бойынша қызметкерлерінің саны 178000-нан асады. Карантин уақытында бұл бренд өзінің әлемдегі 1000 точкасын толықтай жауып, онлайнға көшті.

Ал, SUPREME брендін құрушы Джеймс Джабианың бұл туындысы өзінің спортқа деген қызығушылығынан туындаған. Спорттық киімдер сататын арнайы киімдерді Ұлыбританиядан алып келіп, АҚШ-қа әкеліп сатады. Оның бутигі арнайы скейтборд сататын дүкенге жақын орналасты. Сол арқылы жастардың қызығушылығын дүкенге айналдыра алған. Арнайы поставщиктерден алып келген киімдері аз ғана модельден болғандықтан, өзі арнайы киімдерді тігіп шығара бастады. Брендінің атын шығаруға арнайы жарнама ретінде CALVIN KLEIN-нің өнімінің жарнамасына SUPREME логотипін қою арқылы елдің назарын аудартты. Келвин Клейн бұған бей-жай қарамай, сотқа дейін шықты. Бірақ, бұл әдіс жаңадан өсіп келе жатқан Джеббидің бренді үшін жақсы жарнама болды. Оныың логотипінің Колгейт тіс пастасының логотипіне ұқсастығы да оның өсуіне жақсы әсер етті.

Қазақстандық брендтерден біз мысалға QAZAQ REPUBLIC, MSQ, Shoqan секілді брендтерді атауымызға болады. Бұлар - бір  ғана киімді сату арқылы табыс тауып, оны әлемдік брендке айналдырғандар. Мысалы, Shoqan бренді тек Қазақстан көлемінде қалып қалмай ресейлік коуч Дмитрий Портнягинмен коллаборация жасады. Өзіне тән стильді тапты, жасады, қазақ интеллегенцияларының картиналарын Шоқан брендімен шығару арқылы да елдің назарын аудартты. 
Қазіргі таңда Қазақстанда екі бренд жастар арасында көш бастап тұр. Оның бірі - Qazaq Republic болса, екіншісі MSQ. Екеуінің де өзіне тән идеясы, талғамы, конкуренттерден айырып тұратын өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, QR-ты алайық. Киімдерінде, Қазақ хандығының құрылған жылы, мотивациялық сөздер, адамды өзіне баурап алатын өзгеше изюминкасы бар. Упаковкасы болсын, ерекшелігімен баурап алып отыр. Сол ерекшеліктері бұл киімді әрбір жастың гардеробында болу керек брендке айналдыруда. MSQ да дәл солай, өзінің жаңаша көзқарастарымен, ерекше стильмен со вкусом беріліп отыр. 
Бұл брендтерді құрушшылардың жетістігі - бір күнде жеткен жетістік емес. Барлығы киім сатумен, басқаны көшіріп көрумен, жеке тәжірибемен келді. Яғни, бұл кәсіпті бастаймын, өзім жеке бренд шығарғым келеді дейтіндер үшін жақсы ниша түрі деп толықтай айта аламын. Ең бастысы, ерекшелік, нарықты зерттеу, дұрыс ұсына алу және жылдамдық дер едім.

Жоғарыдағы ақпараттарды қарай отыра мынандай түйіндерді шығаруға болады:



  • Ең бірінші аудиторияңызды анықтап алу. Кімдерге сатасыз? Сіздің тұтынушыңыз кім? Мысалы, жоғарыда айтып өткен Зараны басында тек әйелдерге ғана арналған киім болды, кейіннен бұл аудиториямен шектеліп қалмай әртүрлі жастағы барлық адамдарға арнап киімдер тіге бастады. Supreme болса, спортқа қызығатын адамдарға арналды. QR күнделікті киюге арналған, кежуал стильдегі, жастарға арналған киім түрлерін дайындады. Кейіннен кішкентайларға арнап шыға бастады. Олар негізгі аудиториясн жақсы таңдай алды және сол арқылы брендке айналып отыр. Сол секілді сіздің де өніміңізді тұтынушы кім екенін нақтылап барып сатылымға жібергеніңіз дұрыс.

  • Екінші, сол аудиторияға арнап бағаны дұрыс қоя алу. Сегментке бөле алу. Мысалы сегментке байланысты арзан, орташа және қымбат баға бар. Қайсысын кімге және қай өнімге қоюға болады деген сұраққа жауап таба алсаңыз - сол жауабыңыз сіздің осы салада бірнеше млндар табуыңызға, брендке айналуыңызға әсер етеді. Аудиторияға сай бағаны қоя алған кезде сіздің тауар да өтімді болады.

  • Бағаға сай оны дұрыс упаковкалай алу. Мысалы, Шоқанды алайық. Инстаграмындағы пиджак, костюмдарын әдемі визуал арқылы, одан бөлек стиль тұрғысынан киімдерді үйлестіре алуы, лицо арқылы тауарын қымбатқа сата алады. Яғни, упаковка өте сауатты жасалған.

  • Конкуренттерді әрқашан да бақылап отыру керек. Себебі солар арқылы тұтынушылардың талғамын анықтауға әбден болады, оны жоғарыда айтып өткен Зараның оқиғасынан білуге болады. Яғни, конкуренттерді зерттеу арқылы онда болып жатқан артықшылықтарды өзіңізге қосуға, кемшіліктермен жұмыс жасауға ұмтыласыз.

  • Идеяның болуы. Ол сіздің киім дүкеніңіздің атауы болуы мүмкін, мысалы жоғарыдағы брендтер секілді. Немесе оны жарнамалаудағы түрлі әдісіңіз арқылы болуы мүмкін. Тағы да Шоқанды алайық. Осыдан бірнеше жыл бұрын Алаш зиялылары мен ақын-жазушыларымыздың картинкаларын пиджак, костюмында көрсете отырып, сатылымды ғана емес, брендтің танымалдылық деңгейін арттырған болатын. Supreme логотипінің Колгейт тіс пастасының логосына ұқсастығын да осыған жатқыза аламыз. Яғни, сіздің атауын дұрыс қоя алу, упаковка, оны халыққа ұсына алудағы әрекеттеріңізге сай тауарыңыздың да өтімділігі мен алысқа шабуы, әлемдік брендке айналуы тез болады. 

Көп адамдар осы киім бизнесіне келгенде қателеседі. Бірден бутик алып, онвң орнын дайындап, киімді Қытайдан, Турциядан әкеліп барып бизнесіне жарнама жасай бастайды. Бұл салада болсын, басқа салада болсын киімді алып, сатамын дейтін болсаңыз сізге ең дұрысы - бірінші, жарнаманы бастап кету. Жарнама жасайсыз, заказдар қабылдайсыз және соған байланысты тауарды алып келуге болады. Мысалы, сіз поставщик таптыңыз делік, конкуренттерді зерттедіңіз, аудиторияңызды таңдап, қандай киімдерді сататыныңызды жоспарладыңыз. Ол киімдердің фотосын алып, инстаграмға салып, тапсырыс қабылданған соң ғана тапсырысты шетінен жіберіп отыруға болады. Яғни, бұл саладағы алғашқы қадамыңыз Интернет-маркетинг құралдарын қолдана отырып, интернет-магазин ашу. Сол арқылы сіз табысқа шыққаннан кейін ғана, қандай тауар өтімді болатынын білгеннен кейін ғана бутик ашып, бастауыңызға, брендке айналдыруыңызға әбден болады. Бұл шығын шығармай, табысқа жетудің негізгі жолдарының бірі.


Мысалы, дәл осы киім саласында осындай интернет-магазинмен-ақ танымал брендке айналған магазиндер бар. Олардың қатарына Ламоданы, Шейнді айтсақ болады. Екі интернет-магазинде де арнайы сайт арқылы клиент өзіне керекті размерді, түсті, киім түрін таңдай отыра тапсырыс бере алады. Бұл дүкендердің танымалдығы артқаны сонша, қазіргі таңда екеуіне де тіркеліп, өзіңіздің тауарыңызды сатуыңызға да болады. Жалпы маркетплейстердің жұмысы бойынша, Каспи мен Вайлдберизді салыстырмалы түрде қарастырған видеомыз бар. Соны көріп шықсаңыз, сіз үшін бұл пайдалы болады ма, жауап ала аласыз.

 

Бүгінгі видеомызды қорытындылай келе, киім бизнесінде керекті нақты 4 фишканы айтып кеттім. Бірінші



  • АУДИТОРИЯ

  • БАҒА

  • УПАКОВКА

  • ИДЕЯ


Бастапқы осы кеңестерді жүзеге асырсаңыз, алғашында интернет-магазин ретінде қолға алып, оны брендке айналдыруға күш жұмсасаңыз сіз көп шығынға батпайсыз және осы схемамен Әлемдік брендтер қатарына кіруге, киім сатып сіз қалаған табысты таба алуға мүмкіндік аласыз. Егер видео айтылған ақпараттар сізге пайдалы болса комментарийге өз пікіріңізбен бөлісіп кетіңіз. Келесіде кездескенше!

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет