Танымал продюсер, актриса Гүлзира Айдарбекованың жаңа әні тыңдарманға ұнамай қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Өнер иесі жақында Кипр қаласынан демалып келді. 

“Осы жолғы Кипрдағы естеліктерім жеке парақшамда тұра берсінші. Әрбір күніміз тарих қой, шіркін! Оқырмандарыма да әлемді көзімен көру бұйырсыншы! Осы әнімді Нұрекең ерекше жақсы көріп тыңдаушы еді. Сіздер де тыңдап көріңіздер! Қандай жағдай болса да, махаббаттарыңыз көркем болып, қосақтарыңызбен бірге болуларыңызды жазсын Алла! Қайсыбір жүрек кешірімді болса, тыныш өмір сүреді. Тағдырға риза болған жан, бақытты ғұмыр кешеді. Алланы әрдайым мақтап жүретін жан, таңды жылы жүзбен атырады”, – дейді продюсер. 

 

  • "Тәрбиені сырттан іздемейікші": Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасы көпке ой салды

  • "Бал айы кейінге шегерілді": Заңғар Нұртас бал айын сұраушыларға жауап берді

Желі қолданушылары әуесқой әншінің өнерін ұнатпай қалғандарын жарыса жазып жатыр. 

“Ән әдемі екен. Орындаушысының даусы жоқ”, “Ұялмаған әнші болады деген осы кісілерге айтылған”, “Бізге осындай жерлерді көру бұйырсын”, “Мақтаншақ болып кетті Гүлзира ханым”, “Әндерінің сөзі қандай керемет. Бір эстрада әншісі орындаса бағын жандырып, жолын ашады”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым. 

Еске салайық, продюсер Вьетнамнан келіп, Кипрге демалуға кеткенін жазған едік. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.