Еуропалық комиссия TikTok әлеуметтік желісін Digital Services Act (DSA) талаптарын бұзғаны үшін тергеуді бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: abc17news.com

Digital Services Act реттеушісі платформаның кәмелетке толмаған пайдаланушыларды зиян контенттен қорғау үшін қалай жұмыс істеп жатқанын тексереді.

"Кәмелетке толмағандарды қорғау DSA-ның басты басымдығы. Миллиондаған бала мен жасөспірімдерді қамтитын платформа ретінде TikTok DSA-ға толығымен сәйкес келуі және Интернетте кәмелетке толмағандарды қорғауда ерекше рөл атқаруға тиіс", – деді Еуропалық Комиссар Тьерри Бретон.

  • "Ішімдік ішіп, балағат сөз айтқан": Таразда тұрғын TikTok желісіндегі тікелей эфирден соң қамауға алынды
  • "Бойым – 2 метр, салмағым – 140 келі": TikTok желісінде танымал болған алып денелі жігіттің кім екені белгілі болды

Бұл – Еуропалық комиссияның DSA аясында цифрлық компанияларға қарсы бастаған екінші тергеуі. Өткен жылдың желтоқсан айында реттеуші Илон Масктың X әлеуметтік желісінің қызметіне аудитті бастады. Оның барысында заңсыз контентті жою талаптарының бұзылуы тексерілді. Сонымен қатар компания платформа жалған ақпаратпен күресу үшін жеткілікті жұмыс істеп жатыр ма, жоқ па, соны тексерді. 

DSA ережелері бұзылса корпорацияларға жаһандық кірісінің 6% мөлшерінде айыппұл салынады. 

Айта кетейік, бұған дейін cенат отырысында депутат Алишер Сатвалдиев TikTok желісіне құмартып, деградацияға ұшыраған жастар көбейіп жатқанын айтқан еді. Ол батыс елдерінің тәжірибесін пайдаланып, жастарды зиян ақпараттан қорғауды талап ету қажет екенін айтты. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.