Әлеуметтік желіде лағыл тойын атап өткен “жас жұбайлар” көпшілікті таңғалдырды. Видео 1 миллионнан астам қаралым жинаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Бейнежазба авторының айтуынша, бір кездері анасы той көйлегін киюіне мүмкіндігі болмаған. Анасының бұл арманын лағыл тойының қарсаңында орындау бұйырыпты.

“63 жаста тұрмысқа шығу тым кеш деп кім айтты? Бірде анам өз тойында қалыңдық көйлегін кимегенін айтқан еді. Соңына дейін көріңіз”, – делінген жазбада.

Қалыңдықтан бөлек шыттай болып киінген күйеу жігіт те назардан тыс қалмады. Желі қолданушылары ата-анасының арманын орындаған келіншектің де, сұлу қалыңдықтың да мақтауын асырып, ерлі-зайыптыға бақытты да, баянды ғұмыр тіледі.

“Екеуі қанша жыл бірге ғұмыр кешсе де, бір-бірін қазір көріп, ғашық болып қалғандай. Жастары ұзақ болсын”, “Құтты болсын, бақытты өмір тілеймін”, “Сиқыршы екенсіз. Анаңыздың жүзі бақыттан бал-бұл жайнап тұр”, “Лағыл той болса отандасқандарына 40 жыл толған екен ғой”, “Әдемі қартаю деген осы шығар”, – деп жазды желідегілер.

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Bota Abdiramanova (@bota.abdiramanova)

 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.