«Кітапханашылармен ой бөлісу» әдістемелік сағат



Дата07.03.2018
өлшемі35.1 Kb.
#20422

«Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

Кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс секторы


«Кітапханашылармен ой бөлісу» әдістемелік сағат

28 қыркүйек 2017 ж.

09.00

ОКЖ қызметкерлері


Мақсаты:

21-22 қыркүйек күндері ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы Ақмола облысы Әкімшілігімен бірлесе отырып, «Рухани жаңғыру: ұлт келбеті – жастарға бағыт» тақырыбындағы республикалық Жас кітапханашылар форумына қатысқан Кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс секторы басшысының м.а. Г.А.Бегимованың аталған іс-шара жұмысымен таныстыруы.



Барысы:

  1. «Ой қозғау» әдісі бойынша жас кітапханашылар сұрақтарға жауап береді;

  2. Г.А.Бегимова слайд арқылы форум жұмысымен тыныстырады;

  3. Видеоролик көрсетіледі (жас кітапханашы С.Быковтың сұхбаты, жазушы Е.Тоқтарбайұлының үндеуі)

  4. ОКЖ ардагерлері Р.Г.Искакова, Н.Г.Гуляева еңбек тәжірибесімен бөліседі;

  5. Қатысушылар әдістемелік сағаттан алған әсерін тақтаға латын әліпбиінде жазып қалдырады.

Г.А.Бегимова:

«Рухани жаңғыру: ұлт келбеті – жастарға бағыт» жас кітапханашылар форумының мақсаты – мемлекеттік кітапханалар жүйесіндегі жас мамандардың кәсіби және әлеуметтік қолдау жүйесін құру арқылы Қазақстан кітапхана саласының кадрлық әлеуетін қалыптастыру және сақтау. Сондай-ақ, мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдау болып табылады.

Форум кәсіби дағдылармен алмасу, біліктілікті арттыру, жас кітапханалық кәсіби қауымдастықты, сонымен қатар кітапхана ісінің жас мамандары арасында ұжымдық кітапханалық дәстүрді дамыту, жариялық кітапханалар қызметінің жаңа технологиялары, формалары мен әдістерін меңгеру мақсатында өткізілді.

Форум барысында Қазақстан кітапханалық ісін дамыту мен жетілдірудегі жас кітапханашылардың рөлін арттыру, «Сандық Қазақстан» бағдарламасын дамыту және жүзеге асыру ісінде жас мамандардың әлеуетін ұтымды пайдалану тетігін әзірлеу, жастардың шығармашылық ізденістерін ынталандыру және оларды жоғары білікті мамандар ретінде қалыптастыруға жәрдемдесу, мамандардың біліктіліктерін арттыру мен үздіксіз оқыту және т.б. мәселелер қозғалды.

Съезд жұмысына Қазақстанның барлық аймағынан жиналған жас кітапханашылар, белгілі қоғам қайраткерлері, ғылым, мәдениет, білім беру саласының өкілдері, жастар қозғалысының көшбасшылары қатысты. Барлық қатысушылар саны – 180.

Іс-шараға «Ақмола облысы Мәдениет басқармасы» ММ басшысы Бөрібаева Сәуле Бөкейханқызы, Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасы Елшілігінің кеңесшісі Масуд Шейх Зейнеддин, ақын Серік Тұрғынбеков, сатирик Көпен Әмірбек, жазушы Тұрсын Жұртбай, әдебиеттанушы Елдос Тоқтарбайұлы, ақын, журналист Серік Сейтман, ақын Ерлан Жүніс және т.б. қатысты.

Жазушы Әлібек Асқар Асылбайұлы «Рухани жаңғыру және жастар», Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тлешов «Переход на латиницу – основа духовной модернизации» атты баяндамаларын оқыды.

Форум бағдарламасы аясында кітап көрмесі, соның ішінде экскурсия, шығармашылық және патриоттық кездесу кештерін қамтитын мәдени бағдарламалар өткізілді. Форум аясында шығармашылық «Құнды тарту» акциясын өткізу, ағаш отырғызу Кiтапханалық аллеясы мен аудиокітаптардың таныстырылымы және резолюция қабылданды.

2017 жылғы 12 сәуірде Президент Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақ жазуын латын әліпбиіне көшірудің кезеңдік бөліктерін нақты анықтап берді. Латын графикасына көшіру мәселелері, жаңа әліпбиді жасау мерзімдері, құжат айналымы мен кітап бастырудың латын әліпбиіне көшірілуі қазақстандықтар үшін таңсық емес.



Бағдарламаның негізгі аспектілері болып, ұлттық мәдениет пен тарих дамуына көзделу анықталды. Елбасының айтуынша, «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе». Латын жазуын енгізу – бұл тек әліпбиі мен жазуды ауыстыру мәселесі ғана емес, бұл үлкен идеологиялық және экономикалық әр тараптандыру. Сонымен қатар, жазу реформасының өзі қоғамдық сананы жаңғыртудың іргетасы болып табылады.

Бүгінгі таңда латын графикасы негізінде жасалған түрлі әліпбилерді ғаламшар халқының үштен бір бөлігі қолданады. Нақтырақ айтқанда, халықаралық байланыс әліпбиіне көшу – бұл жаһандық тіларалық стандарттарға жақындау, ұлттық сана-сезімді нығайтуға ықпал ететін әлемдік тіл кеңістігіне бірігу жолындағы қадам. Мәселен, халықаралық тәжірибеге сәйкес, Түркия мемлекетінің латын графикасына көшу үдерісі шамамен 30 жылға созылды. 1990 жылы Әзербайжан мемлекеті тілдің фонетикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қазіргі заманғы әліпби жобасын әзірледі. Ал, 1993 жылы Өзбекстанда «Латын графикасына негізделген өзбек әліпбиін енгізу туралы» Заңы қабылданды. Түркіменстанда жаңа әліпбиді енгізу бойынша мемлекеттік бағдарлама іс-шараларына сәйкес 1993-1996 жылдар аралығында латын жазуына көшу үдерісі көше атаулары мен газет атауларынан басталды. БҰҰ-ның 6 ресми тілінің үшеуі (ағылшын, француз және испан) латын жазуын қолданады. Қазір латын жазуы әлемнің ақпараттық, ғылыми және технологиялық салаларының алдыңғы қатарлы әліпбиі болып табылады.
Каталог: files -> userfiles
userfiles -> Қарағанды қаласының әкімі Аубакиров Н
userfiles -> Д. А.ҚОнаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «ДӘуір данасы» даналық баспалдағының Өткізілу сценарийі
userfiles -> «Тәуелсіздік» алаңы 20. 09. 2014 ж сағ. 12. 00
userfiles -> Жылдың басты оқИҒалары
userfiles -> «балалар әдебиетін зерттеу» АҚпарат сағаты
userfiles -> Экранда слайд көрсетіліп тұрады
userfiles -> Семинар «современные формы библиотечной работы как способы активации продвижения чтения»
userfiles -> Бағдарламасы осакаровка 2015 мазмұны №
userfiles -> «Қарттарым – асыл қазынам» атты аталар мен әжелер сайысының Өткіщілу сценарийі
userfiles -> Общие сведения о городе Караганды


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет