Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Атышулы жұлдызды жұп Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет ұлдарының сүндет тойы мен аналарының 70 жасын атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ақбота Сейтмағамбеттің stories-і

Мейрамхана төріне экс-жұп қатар шығып, қонақтарға алғыс айтты. 

“Әжеміздің 70 жасы мен ұлымның сүндет тойын бірге өткіздік. Өте бақытты анамын. Енеме құрметім шексіз. Негізі мен бұл үйдің қызындай болып кеттім. Көбісі не болып жатыр деп түсінбей жатқан шығар. Ең бастысы сізді жақсы көремін, құрметтеймін. Орының бөлек, өзіңіз білесіз. Аман болыңыз! Ата-анам тірі болғанда қатар тұрушы едіңіздер! Дәурен, саған да рақмет!  5 баланың басын қосып, бауыр екенін сезіндірдің. Бұл – тағдыр. Ешкімге өкпелемеймін. Бір қаннан жаратылған балалар жау болмауы керек. Дәурен екеуіміз бөлек тұруымызға балалардың еш қатысы жоқ ”, – деп көзі жасына ерік берді. актриса. 

  • "5 бала туып беремін деп уәде бергенмін": Коуч Роза Әшірбаева алғаш рет ата-енесі мен күйеуі туралы айтты

  • "Қосылмай қалған ғашықтар сияқты": Желіде Нұрлан Әлімжан мен Айкерім Қалаубаеваның қол ұстасқан видеосы тарады

Сонымен қатар, Ақботаның енесі келініне алғыс айтып, батасын берді. 

“Мен Ақботаны қалай жек көремін?! Қалай жамандаймын?! Дәуреннің алдында Жомарт деген ұлым болды. Алла 24 жасында алды. Ақбота маған Жомартымнан аумайтын Ибрагимді сыйлады. Ол қара бала еді, немерем аппақ. Айырмашылығы сол ғана", – деді әншінің экс-енесі. 

Тойда қазақ эстрадасының жұлдыздары Әбдіжаппар Әлқожа мен "Алатау серілері" тобы ғана төбе көрсеткен. 

  Фото: Ақбота Сейтмағамбеттің stories-і

Еске салайық, 2016 жылы Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбеттің махаббаты басталған еді. Алайда жұп екі балалы болғаннан кейін, ресми ажырасқан еді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.