Алматыда банк шоттарынан қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, ойдан шығарылған мәмілелер бойынша шот-фактураларды жазумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ашық дереккөз

Қаржы мониторингі агенттігі А.Абдуллаев бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың 5 мүшесі 2018 жылдан 2022 жылға дейін жүйелі түрде бақылауындағы 15 компания мен 170-тен астам жеке кәсіпкердің банк шоттары арқылы 11,7 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғанын анықтады.

"Сот үкімімен топты ұйымдастырушы мен мүшелерінің бірі айыпты деп танылып, 6 және 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жалпы режимдегі түрмеде жазасын өтейді", — делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу аясында осы қылмысқа қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы үш мүшесіне халықаралық іздеу жарияланды.

"Жалған мәмілелер жасасу, қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру салдарынан ел бюджетіне миллиардтаған салық түспейді. Экономикалық қылмыстың бұл түрі мемлекеттік әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға, зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеуге, жаңа жол, аурухана, мектеп салуға кедергі келтіреді", — деп түсіндірді агенттік. 

Бұған дейін Алматы облысы бойынша Қаржы мониторингі агенттігі Алматыда қозғалған қылмыстық іс аясында Макао казиносында тінту жүргізгенін хабарлаған едік.

Казинода ойыншыға жеке басын анықтамай, заңдағы ережелерді бұза отырып, спорттық іс-шараларға бәс тігуге, ойын үстелдері мен рулеткаларда ойнауға мүмкіндік берілген.

    


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.