Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатындағы төртінші матчында жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Icehockey.kz

Андорраның Канильо қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Бельгияны ойсырата ұтты. ІІ дивизиондағы әлем біріншілігінің А тобында өнер көрсетіп жатқан құрамамыз қарсыластар қақпасына 9 шайба салып, өз қақпаларына  2 шайба жіберіп алды. Құрама сапында Лариса Свиридова, Дильназ Саяхатқызы, Екатерина Куценко, Малика Алдабергенова (дубль), Анна Пяткова, Карина Фельзинк, Перенеш Әшімова) және Александра Шегай көзге түсті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы соңғы кездесуін 13 сәуір күні Испания құрамасына қарсы өткізеді.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.