Кмм «№70 жалпы білім беретін мектеп» Қазақ тілі пәнінен сайыс сабағы Тақырыбы



жүктеу 72.97 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі72.97 Kb.
түріСабақ

КММ «№ 70 жалпы білім беретін мектеп»

Қазақ тілі пәнінен

сайыс сабағы
Тақырыбы:

«Қонақ келсе- құт»

Орындаған:

қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі: Бітімбаева

Жамал Қабиолдақызы


Алматы қаласы
Өткізілетін күні: ___________ 2016 ж.

Сынып: 7 А, 7 Б

Сабақтың тақырыбы:Қонақ келсе құт.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға қазақ халқының қонақ күту дәстүрін ұғындыра отырып, септік жалғаулары мен шылау сөздерін қайталау; алған білімдері н жинақтау.

  2. Түрлі тапсырмалар арқылы оқушының қисынды ойлау қабілеттерін,дүниетанымын,ауызекі сөйлеу тілін дамыту,сөздік қорын молайту; алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.

  3. Оқушыларды ұлттық салт дәстүрлерді білуге,құрметтеуге, қонақжайлылыққа , дастарқан басында әдеп сақтауға тәрбиелеу; ананы, қыз баланы сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау , сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздену,мәтінмен жұмыс, рольдік ойын

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі парақшалар, сызбалар, мақал-мәтел,қазақтың ұлттық дәстүрлері туралы суреттер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті,Қазақстан тарихы,музыка

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу, ҚР мемлекеттік гимнін айту

ә) оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру

в) Оқушылардың сабақтағы мақсатымен таныстыру:

  1. Білімділік: Қазақ тіліндегі септік жалғаулар мен септеулікті дұрыс қолдану, оларды бір бірінен ажырата білу; алған білімдерін жүйелеу

  2. Дамытушылық: Ауызша және жазбаша тілін дамыту, ой өрістері мен дүниетанымдық көзқарас шеңберін кеңейту. Шығармашылық іскерліктерін арттыру.

  3. Тәрбиелік: Жақсы қасиеттерге, адамгершілікке ұмтылу.Қазақ халқының дәстүрлі құндылықтарын білу. Жақсы оқып, үлгілі, білімді болуға, адал болуға тырысу.Қыз баланың өзін-өзі дұрыс игере білуі.


ІІ. Жаңа сабақ.

Кіріспе. Мұғалімнің сөзі:

-Құрметті қонақтар , біздің бүгінгі ашық сабағымызға қош келдіңіздер!

Ал, балалар, сабаққа дайынбыз ба? Көңіл-күйлеріңіз қалай?

Балалар, қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер? /шілдехана, бесік той, тұсаукесер, қонақ күту, қыз ұзату/

Біз бүгінгі сабағымызда қазақ халқының қонақжайлылығы туралы айтамыз. Қазақ халқы танымаса да , «құдайы қонақпын» деген адамды құрметпен қарсы алады. Жол жүріп келе жатқан адам кез келген ауылға, үйге қонақ бола береді.

Халқымызда «қырықтың бірі қыдыр» деген сөз бар. Бұл сөздің мағынасы өте терең.

Ата- бабаларымыз «Қонақпен бірге құт, ырыс келеді, қонақты құсаң, құт, ырыс қашып кетеді» деп ырымдаған. \эпиграфты көрсету\

Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Қонақ келсе құт» .

\дәптерге күнді, тақырыпты жазғызу\

Өткен тақырыптарды қайталау мақсатында топқа бөлінейік. Әр топ өзімен таныстырып өтсін.

1топ: «............................»

2 топ: «...........................»

Берілген тапсырмалар нәтижелері ұпай арқылы бағаланады.

Ең жоғарғы ұпай 5 , орташа 4 , төменгі ұпай 3 .
1.Сөздікпен жұмыс.

Интерактивті тақтадағы қайталауға берілген сөздерді оқытып, аудармасын сұрау, ауызша сөз тіркес немесе сөйлем құрату, дұрыс сөйлемді тақтаға жазғызу:



Қонақ күту, құт, береке, ырыс, үй иесі, тырысу, қонақжайлылық, кең пейілді, дастарқан әзірлеу, дастарқан жаю, қарсы алу, жағдай жасау, риза болу,бата беру.

Қазақ халқы үшін дастарқаннан,дәмнен үлкен ешнәрсе жоқ. Ұлт мәдениетінде тамақ , дәм татыру дипломатиялық және тәлім-тәрбиелік қызмет атқарған. Қонақты дініне, ұлтына қарап бөлмеген, төріне отырғызып, бар жақсысын алдына қойған.



Ұпай санын айту.
2. Грамматиканы қайталау.

а) Жалғауларды қайталап жіберейік.

Қазақ тілінде неше жалғау түрі бар? \Септік, тәуелдік, жіктік, көптік.\

Бүгін біз септік жалғаулары мен септеуліктің айырмашылығын қайталайық.

1 топ. Септіктерді ауызша айтып шығу.

Интертақтадан септіктерді көрсету.

2топ. Септіктерді сұрақтарымен айту.

-Бізде «Сиқырлы сандықша» бар, ішінен қандай тапсырма шығар екен?

Тақырыбымызға сай «қонақ», «дастарқан» сөзін септейік, сөзді ғана септеп қоймай ,

«зат есім + етістік » сызбасына сәйкес өзгертейік. \шеңберлеп оқыту\

А.с. қонақ келді

І.с. қонақтың келуі

Б.с. қонаққа бару

Т.с. қонақты қарсы алу

Ж.с. қонақта болу

Ш.с. қонақтан қайту

К.с. қонақпен әңгімелесу



Ұпай санын айту.
ә) Септеулік дегеніміз не? Мысал келтір.

Септеулік белгілі бір септік жалғаулы сөздермен тіркеседі:

А.с. үшін, арқылы, туралы

І.с. дейін, шейін

Ш.с. кейін, басқа

К.с. қатар, бірге


Әр топ берілген сөздерге септеуліктің дұрысын айтады.

М: қонақ (үшін), дастарқанға (дейін), дастарқаннан ( кейін), қонақтармен (бірге).



Ұпай санын айту.

3.Оқылым. Мәтінмен жұмыс. Деңгейлік тапсырма орындау

\Интерактивті тақтадан мәтінді оқыту\



Қонақжай халық

Қазақ үшін қонақты қарсы алмау, күтпеу - ұят. Қонақ күту - қазақ халқының ең жауапты ісі. Келген қонақты риза етуге тырысады. Ең алдымен, қонақтарға сусын ұсынылады. Содан кейін шай ішіледі. Шайдан кейін қонақтардың көңілді отыруына үй иесі бар жағдайды жасайды. Ауылдағы әнші, күйші, өнерлі адамдарды шақырып, қонақтардың көңілін көтереді. Ата- бабаларымыз «Қонақ келсе - құт келеді» деп ырымдаған. \55сөз\



4.Сөйлесім.

  • Балалар, барлық сөздер түсінікті ме?

Таныс емес сөздерді оқыту, аудармасын айту

Ауызша аударту



Деңгейлік тапсырмалар:

I – деңгей: Көп нүктенің орнына керекті септеулікті жаз: қонақ ... , дастарқанға ... , тамақ әзірлегеннен ... , қонақтармен ... , салт- дәстүр ... .

II – деңгей: Мәтінге сұрақтар қой, дәптерге жаз.

III – деңгей: Мәтіннің мазмұнын айтып бер.
Сұрақтарды оқытып , жауап бергізу:

-Қазақ халқы қандай халық?

-Қонақтарға қандай жағдай жасайды?

-Ата бабаларымыз не деп ырымдаған?


Мәтіннің мазмұнын айтқызу\әр топтан\

Ұпай санын айту.
5.Ой толғау. Жағдаят .

«Сиқырлы сандықшамыздан» тағы да тапсырма алайық: \ішінде 2 түрлі жағдаят жазылған парақтар және тосыннан берілген сұрақтар. Оларға тапқыр жауап берілу керек. Жауап қысқаша көрініс арқылы көрсетілуі тиіс.\



  1. Арнайы қонақ. Үйге қонақтар келе жатыр. Қазақтың салт-дәстүрі бойынша сыйлы қонақты қалай күтер едіңіз?

  2. Күтпеген қонақ. Құдайы қонақ. Сіз бір жерге шығып бара жатырсыз. Күтпеген жерден үйіңізге қонақтар келіп қалса, қалай күтер едіңіз?

Тосын сұрақтардың жауаптары:

1.Қазақ халқы- қонақжай халық. Келген қонаққа құрмет көрсетіліп, төрге шақырылады. Мүмкіндігіне қарай қой сойылып, қонақасы беріледі. Үйге арнайы қонақ келгенде дастарғанға ең жақсы, ең дәмді тағамдар қойылады. Қонақтан дастарқанға бата сұралады.

Қонақтың батасы: 25 бет № 5

Басқа амандық берсін,

Жанға саулық берсін.

Босағаң тең болсын,

Пиғылың кең болсын.

Алдымыздан ас кетпесін,

Кетпес байлық,

Қайтпас ырыс берсін! ( Әумин)

2.Құдайы қонақ. 125 бет № 4, диалог124 бет №1
Қонақ келсе, құт болар. Құтты қонаққа тәтті тамақ.

Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.

Қонаққа «кел» демек бар, «кет» демек жоқ.

Қонақпен бірге құт, ырыс келеді,

қонақты құсаң, құт, ырыс қашып кетеді.
Әрине, дәл солай! \ Ұпай санын айту.\
6. «Мақал-сөздің мәйегі».

- Қонақты күту - жауапты іс. Ол үй иесіне, әсіресе әйел адамға көп байланысты. Ананың қасында жүріп, бірге көмектесіп, үйренетін қыз бала. Қыз тәрбиесіне де қазақ халқы ерекше мән берген.

-Қыз қандай болу керек?

-Жалпы бала тәрбиесіне байланысты қазақтың қандай мақал- мәтел білесіңдер?

Бұл кезеңде « жартысын тап» ойыны ойналады. Ойынның шарты: мақалдың 1-жартысы айтылады, екінші жартысын тез айтып, аудару.

Қыз өссе\өрісің\

Анаға қарап \қыз өсер\

Анасына қарап \қызын ал\

Қойшының қызы \қой келгенде іс қылады\

Ыдысын көріп , асын ал,\шешесін көріп, қызын ал\

Жақсы қыз жағадығы құндыз, \жақсы жігіт көктегі жұлдыз\

Гүл өссе жердің көркі,\қыз өссе елдің көркі\

Ұяда не көрсең /ұшқанда соны ілерсің\
\ Ұпай санын айту.\

ІІІ. Ми сергіту. Балаларға ән айтқызу

Балалар, біздің бүгінгі келген қонақтарға көңіл күйлерін көтеріп, ән айтып берейікші.

«Қыздар,қыздар, сұлу қыздар» \қыздар айтады\

«Беу,беу, қыздарай»\ұлдар айтады\



ІҮ. Сабақты бекіту.

1. -Балалар, сонымен бүгінгі сабақта не туралы сөйлестік?

Қонақ келгенде не істеу керек?

Оны қалай қарсы аламыз?

Қалай күтесіңдер?

Қонақта адамдар көңіл күйін қалай көтереді?

Үй иелері қандай болу керек?

Келген қонақтарға не деп айтасыңдар?

2. Шағын тест жазу
Ү. Үйге тапсырма беру.

Жаңа сөздерді жаттап, «Қазақтың салт-дәстүрлері» тақырыбына шығарма келіңдер.



ҮІ. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Сабақта не білдік? Не үйрендік?

Сабақ несімен ұнады?

ҮІІ. Оқушыларды бағалау.

Белсенді қатысқан оқушыларды анықтау, жеке оқушылардың жұмысына талдау жасап өту.



ҮІІІ.Сабақты аяқтау. Бүгін барлықтарың сабаққа жақсы дайындалыпсыңдар. Сендерге үлкен алғысымды білдіремін.

Енді қонақтарымызға сөз берейік, қандай тілектер айтады екен?
Каталог: uploads -> doc -> 0032
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет