Күні: 7. 12. 2015ж. Өтілетін орны: кабинет ж-39 Сыныбы: «Б» Пән мұғалімі Анесова Ж. К. Тақырыбы



жүктеу 99.91 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі99.91 Kb.



Күні: 07.12.2015ж.

Өтілетін орны: кабинет Ж-39

Сыныбы: 8 «Б»

Пән мұғалімі Анесова Ж.К. Тақырыбы: Атажұрт

Мақсаты: тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы, ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра екендігін түсіндіру, тілдің құдіреттілігін, ұлтымыздың мақтанышы, айбары екендігін ұғындыру. Тіл туралы тағылымдар арқылы оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулу, азаматтық бейнелерін қалыптастырып, тілімізді сүюге, оны көздің қарашығындай қорғауға шақыру, еліміздің елдігін танытатын тілі мен өнері екенін ұғындыру. Сайысқа қатысқан әр оқушының ойына, қиялына, дүниетанымына ерік бере отырып, өздерінше ой түйіндеп, соны дәлелдей білуге үйрету, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

Түрі: әдеби-танымдық сайыс

Әдісі: ішінара іздендіру, репродуктивті, пікірталас

Көрнекілігі: АКТ

Барысы:

I Кіріспе

Мұғалімнің сөзі

II Негізгі бөлім:

1. Жүргізуші сөзі

2. «Тілім барда білмеймін мен қайғыны...» мәнерлеп оқу сайысы

3. «Ойлан тап» берілген сөздегі әріптерден сөз теру

4. «Сен білесің бе?» сұраққа жауап

5. «Ұшқыр ой» сұраққа жауап

6. «Аталар сөзі – ақылдың көзі» билер сөзінің жалғасын табу

7. «Сөз тапқанға қолқа жоқ». «Жаргон сөйлеу дұрыс па?» пікірталас

8. Ән «Атамекен»

II Қорытынды
Мұғалім:

Туған тілім – бабам тілі - өз тілім,

Туған тілім – анам тілі - өз тілім.

Туған тілім – далам тілі - өз тілім,

Туған тілім – адам тілі - өз тілім.

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар қауымы!

Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Өйткені халқымыз дәрежеге емес, дәстүрге бағынған. Еліміз Егеменді ел атанып, ана тілімізге мемлекеттік статус берілді. 1989 жылы алғаш рет «Тіл туралы» заң қабылданып, мемлекеттік мәртебеге ие болады.

Қасиетті ана тілімізді, дана тілімізді, тіл өнерін, қазақ тарихындағы тіл шұрайын танып-білу және үлгі алу, халқымыздың мәдениеті мен әдебиетін тіл арқылы насихаттау, адам, халық тіршілігіндегі тілдің маңызын жеткізу мақсатымен өткізілгелі отырған «Атажұрт» атты әдеби сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайысқа қатысқалы отырған «Асыл мұра» және «Тағылым» тобымен таныс болыңыздар! (топтар ортаға шақырылады)

Топ жетекшілері, топ мүшелерімен таныстырып өтулеріңізді сұраймын. (әр топ жетекшісі өз топтарының мүшелерімен таныстырып, топтарын «Асыл мұра» және «Тағылым» деп атау себебін түсіндіріп өтеді. Әрбір топ мүшесі өзінің өмірде ұстанатын қағидасын айтады)

Сайыскерлеріміздің білімі мен өнерін саралап, баға берер әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

1.____________________________________________________________

2. ____________________________________________________________

3. _______________________________________________________________

Сайыстың бірінші кезеңі «Тілім барда білмеймін мен қайғыны...» деп аталады. Әр топтан екі оқушы тіл тақырыбына байланысты мәнерлеп өлең оқиды. Сіздерге сәттілік тілеймін, құрметті сайыскерлер!

1- кезең: «Тілім барда білмеймін мен қайғыны...» (мәнерлеп оқу сайысы)

(екі топтан бір оқушыдан шығып, тіл тақырыбындағы өлең оқиды)



Жүргізуші: Тумысынан ойшыл, табиғатынан көзі ашық, көкірегі ояу, өзінің кең жазира туған даласындай дарқан дарынды, ойын-сауықшыл халқымыз баға жетпес асыл мұра – сөз өнерін киелі дүниедей қастерлеп, ұрпақ санасына сіңдіріп, болашаққа мәңгі өлмейтін мұра етіп қалдырды.

Ендеше, өресі биік ойшыл бабалардың бүгінгі ұрпағы «Ойлан тап» кезеңінде қандай өнер көрсетер екен?



2- кезең: «Ойлан тап» («АЛТЫБАҚАН» сөзіндегі әріптерден сөз теру)

Жүргізуші: Қазақ – сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман- мұрат, мұң мен сыр – бәрі сиған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-

ақ білсін! Олай болса, сөз өнері, тіл өнері, тіл тарихы туралы кім не біледі екен? Сайыстың «Сен білесің бе?» кезеңінде осы жайды бақылап көрелік...



Сұрақтар:

1. Қазақ әліпбиін құрастырған қазақ зиялысы кім? (Ахмет Байтұрсынов)

2. Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебеге ие болды? (1989 жыл 22 қыркүйек)

3. ҚР-ның «Тіл туралы» заңы неше тараудан, неше баптан тұрады? (6 тарау, 27 бап)

4. ҚР-ның «Тіл туралы» заңы қашан қабылданды? (1997 жылы 11 шілде)

5. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (Түркі тілдер тобы)

6. «Қой аузынан шөп алмас» сөз тіркесінің баламасын айт. (Жуас)

7. «Аузын қу шөппен сүрту» сөз тіркесінің баламасын айт. (Сараңдық, дым жоқ)

8. «Әр адамның өз анасынан басқа құдіретті төрт анасы болуы керек» деп жырлаған қай ақын? (Мұхтар Шаханов)

9. Тілге қатысты бірнеше мақал айт.

10. Тіл туралы айтылған кімнің қандай даналық сөзін білесің?

Жүргізуші: Қазақ тарихында сөздің орны ерекше. Қазақ – «ат сүрінгенше» ақыл тапқан ұшқыр ойды қастерлеген. Ғасырлар бойы сөз мұрасын қорғаштап, сөз асылын жоғалтпай келген, ардақтысы да, аяулысы да тіл болған халық. Сөз қадірін ұғынып, ана тілін ардақ тұтқан бүгінгі сайыскерлеріміз «Ұшқыр ой» кезеңінде ат сүрінгенше ақыл тапқан ата дәстүрін жалғастыра алар ма екен? Сайыскерлер, сөз кезегі өздеріңізде. Берілген сұрақтарға қысқа да нұсқа, ұтымды жауап берулеріңіз керек. Ойларыңыз ұшқыр, сөздеріңіз сұлу, ақылдарыңыз тапқыр болсын. Сәттілік тілеймін сіздерге!

4-кезең: «Ұшқыр ой» ( Берілген сұрақтарға әр оқушы бір әріптен таңдап алып, сол әріптен басталатын тура жауаптар береді. Ж, С, А, Қ, М, Ш, Ә, К, Д, О әріптері беріледі)

« Асыл мұра» тобына берілетін сұрақтар:

1. Есімің кім?

2. Халің қалай?

3. Бос уақытыңды қалай өткізесің?

4. Спортты ұнатасың ба?

5. Өлеңді кім жазады?

6. Суда жүзе аласың ба?

7. Мақал айт

8. Аспанда жұлдыз нешеу?

9. Қандай жазушыны білесің?

10. Біздің мектеп қандай?

11. Ауылда кім тұрады?

12. Суда не болады?

13. Тойға немен барасың?

14. Ашуың келсе не істейсің?

15. Ән саласың ба?

16. Далада не бар?

17. Допты кім ойнайды?

18. Қуанғанда не істейсің?

19. Сабақтан кешігесің бе?

20. Жапырақ қандай?

«Тағылым» тобына берілетін сұрақтар:

21. Қыста не болады?

22. Гүлді кімге сыйлайды?

23. Түс көресің бе?

24. Неге күлесің?

25. Аспанда не бар?

26. Немен жазасың?

27. Орманда не өседі?

28. Жауыннан соң не болады?

29. Басыңда не бар?

30. Аспанда не ұшады?

31. Қандай ақынды білесің?

32. Дәрігер не істейді?

33. Саңырауқұлақ қайда өседі?

34. Жақсы оқисың ба?

35. Балықта сүйек бола ма?

36. Қараңғыдан қорқасың ба?

37. Мақал айт


38. Ертең қайда барасың?

40. Көшеде нені көрдің?

Жүргізуші: Ата дәстүрінен үлі алып өсіп келе жатырған бүгінгі ұрпақ-сайыскерлерімізге үлкен рахмет! Алда алатын әлі екі асуларыңыз бар екенін ескерте отырып, сайысымыздың 5-кезеңін бастаймыз.

Бір күні жиынның ортасында отырған Досбол шешеннен біреу:

- Қол бастау қиын ба?

Жол бастау қиын ба?

Сөз бастау қиын ба? – деп сұрайды. Сонда Досбол:

- Қол бастау қиын емес,

Көк найзалы ерің болса.

Жол бастау қиын емес,

Соңыңа ерген елің болса.

Бәрінен де сөз бастау қиын

Тауып айтсаң, мереке қылады,

Таппай айтсаң, келеке қылады! – деген екен. Міне, осындай алтыннан соққан сөз сарайы, тіл маржаны, ақыл-ойдың дариясы қасиетті ата-бабамыздың келер ұрпаққа айтып кеткен кір шалмас ғұмырлы өсиетін жалғастырар бүгінгі ұрпаққа сөз кезегін берейік. Сайысымыздың шарты мынадай: ел арасындағы дау-шарларды әділ шешудегі ғажап тапқырлық шешімдерімен, төреліктерімен, биліктерімен өмірлік ғибрат аларлық тұнып тұрған өсиетті ұрпағына мәңгілік мұра етіп қалдырған шешендіріміздің бірі- Сырым шешен мен Бала бидің шешендік сөздерін табу.



5-кезең: Аталар сөзі – ақылдың көзі

Сырым Үргеніштің ханына барып жүз көріс қылған. Хан Сырымның атағына сырттай қанық екен. «Қазақтың өзі шешен, өзі батыр кісісі», -деп естиді екен. Хан Үргеніш шешені мен Сырымды айтыстырыпты:

Үргеніш шешені:

- Сөз анасы не?

Су анасы не?

Жол анасы не? – деп сұрайды.

- Дау мұраты не?

Сауда мұраты не?

Қыз мұраты не?

Жол мұраты не? – деп және сұраған екен.

Бұл сұраққа Сырым батыр мүдірместен жауап қайырып, Үргеніш ше-

шенін сөзден сүріндіріпті.

Сырымдай саңылақтың ұрпағы ХХI ғасырдың шешендері бұл сұраққа Сырым Батырдың берген жауабын білер ме екен? ( Ойлануға 3мин. уақыт беріледі. Әр топ өз жауаптарын айтады. Жауаптың дұрыстығы интер белсенді тақта арқылы тексеріледі )

Сырым батыр:

-Сөз анасы – құлақ,

Су анасы – бұлақ,

Жол анасы – тұяқ!

-Дау мұраты – біту,

Сауда мұраты – ұту,

Қыз мұраты – кету,

Жол мұраты – жету! – деп жауап берген екен.

Бала би қартайған шағында елінің игі жақсыларымен кеңесіп отырып: «Жерден ауыр не, судан терең не, оттан ыстық не, көктен биік не?» - деп сұраған екен. Бұған ешкім ауыз тұшырлықтай жауап бере алмапты. Сонда

Бала бидің өзі шешіп берген екен дейді.
Ал, бүгінгі күннің шешендері, Бала би бұған қандай шешім айтты деп ойлайсыздар? Қане, сіздерді тыңдап көрейік...(Жауаптар айтылады, салыстырылады)

Жерден ауыр дегенім – ақыл-білім,

Судан терең дегенім – оқу-ғылым.

Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі,

Көктен биік дегенім – тәкаппардың көңілі.

Жүргізуші: Қазақ – табиғатынан ділмар, шешен халық. Бізде ежелгі Грек, Рим мемлекеттеріндегідей шешендер тәрбиелейтін арнаулы мектептер болмаған. Әйтсе де, сөз қадірін білген халқымыз ел ішінен шыққан тума дарын шешендерді, ақылгөй қарияларды ханнан да жоғары қойып құрметтеген. Тілі қылыштың жүзіндей өткір, ойы салихалы, қысылғанда қиыннан қиыстырып жол табатын шешендердің әділ төрелігіне тоқтай да білген. «Тура биде туған жоқ» деген сөз осыдан қалса керек. Олай болса, «Жаргон сөйлеу дұрыс па?» деген сұрақ төңірегінде бүгінгі шешендеріміз қалай ой толқытар екен? Сөз кезегі өздеріңізде бүгінгі сайыстың ділмәр шешендері. (Екі топтан сөзге жүйрік, ойы оралымды деген екі оқушы ортаға шығып, пікірталастырады)

6-кезең: Сөз тапқанға қолқа жоқ («Жаргон сөйлеу дұрыс па?» пікірталас)

1-Шешен: (Екі топтан сөзге шешен екі оқушы шығып, тақырып бойынша мынадай үлгіде сөз таластырады) «Керексіз сөз күйдірер от сияқты» демей ме, мен ой толқытсам, жаргон сөздер біздің шұрайлы тіліміздің сәнін кетіретін секілді. «Әдептің басы – байқап сөйлеу» деген бар. Олай болса, мәдениетті, әдепті, зиялы болудың басты белгісі – жаргон сөзбен тілімізді

шұбарламай таза сөйлеу. «Әдемі сөйлеген адамның ісі де әдемі емес пе?» демей ме данышпан Құтып.


2-Шешен: «Сөздің бәрін тыңда, керегін ал» деген екен Жүсіп Баласұғни. Табиғатынан қуақы, ақжарқын, қалжыңын қанжығасына байлап жүретін қазаққа қағытпа сөз, көңіл көтерер әзіл-қалжың үшін жаргон сөздің де керегі бар менің ойымша?..

1-Шешен: Айтқан сөзің адасқан оқтай болса, сөзің жебе болғанмен садағың осал болса, сөзің сұлу сарайдай, бірақ жылуы жоқ болса, мән-мағынасы жоқ жаргон сөзіңнің сырты сұлу болғанмен, дәмі кермек болмай ма?!

2-Шешен: «Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дер» дегендей, сенің жөнін тауып айтқан мынадай салихалы сөздеріңнен кейін, менің райымнан
қайтпасқа лажым болмай тұр-ау, шешенім. Шынымен де, «жынды екен» дегеннің орнына «әдемі екен, әсем екен» десек, «базар жоқ» деп ентелегенше жай ғана «жарайды» десек, «өлген екен» деп өзеурегенше «керемет екен» десек, «қумашы-ей» деп ыржалаңдағанша «дұрысын айтсаңшы» десек те жарасады екен-ау?!

«Сөз қуған бәлеге жолығады, жол қуған олжаға жолығады» деген екен бұрынғылар, дәлдеп айтқан сөзіңе тоқтадым. Ендігі жерде біз болып, сіз болып сұлу да шұрайлы тілімізді мағынасыз, мәнсіз сөздермен ластамай, келер ұрпаққа таза жеткізу біздің міндетіміз екенін ұмытпайық!



Жүргізуші: Рахмет, сіздерге! Сонымен, Айнұр мен Баянның кестедей төгілген көркем сөздерін, таңғы шықтай таза пікірлерін тыңдадық. Ендеше, атадан қалған асыл мұра – ана тілімізді қадір тұтып, шұбарлап сөйлеуге жол бермейік!

Иә, халқымыздың тарихында талай аузы дуалы, жез таңдай майталмандар болғаны анық. Ел тағдыры сынға түскенде абыздай күңіреніп, арашаға келген


осынау сұңғыла жандардың атқарған қызметі ұшан теңіз. От ауызды, орақ

тілді ақылы асып туған – ТӨЛЕ БИ, ҚАЗБЕК БИ, ӘЙТЕКЕ БИді, қазақ тілін мәдениеттің ең биік сатысына шығарып кеткен ұлы АБАЙды дүниеге әкелген қазақ халқының тілінің мәңгі жасауы бүгінгі біздердің, болашақ ұрпақтың қолында.

Әділ қазылар алқасы сайыскерлеріміздің жеткен мәресін межелеп болғанша, ___________________орындауында «________________» әнін тыңдаңыздар.

Екі топтың бағасын беру үшін сөз әділ қазылар алқасына беріледі. (Мадақтау)

Жеңіске жеткен топ «Мадақтау қағазымен» марапатталады. Сайысқа қатысқан он оқушы төмендегідей номинациялар бойынша марапатталады:

1. Ең шешен оқушы

2. Ең талапшыл оқушы

3. Ең ақылды оқушы

4. Ең білімді оқушы

5. Ең өнерлі оқушы

6. Ең тапқыр оқушы

7. Ең ұшқыр ойлы оқушы

8. Ең зейінді оқушы

9. Ең талантты оқушы

10. Мәнерлеп оқу шебері



Жүргізуші: Құрметті балалар, бүгін біз ана тілінің құдіреті мен өміршеңдігіне біршама көз жеткізгендей болдық. Ана тілін ұлы мұхитқа баласақ, біз соның жағасына келіп, екі алақанымызды қосып тұрып, қос уыстап іліп алып ішкендей ғана болдық деп ойлаймын. Оның тереңіне бойлап, түбіндегі інжу-маржанын ерінбей-жалықпай тере біліп, өзімізден


кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздің парызымыз. Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын. Қасиетті ана тілімізді қадірлейік, мәртебесін асырайық! Ынтымағы жарасқан Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де еңбекқор ұл - қызы болып өсе беріңіздер! –дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Каталог: uploads -> doc -> 0a7d
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0a7d -> Сабақ тақырыбы: Мәтінді танып алу технологиясы, мәтіндерді танып алу программасы Жалпы мақсат пен міндеттері
0a7d -> Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет