Әлеуметтік желілерде Астанадағы тұрғынүйлердің бірінде бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео тарады. Оқиғаға елордалық полиция департаментінің басшысы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Egоv.press Telegram-арнасы

Видеоны Egоv.press Telegram-арнасы жариялады. Кадрда үш полиция қызметкері лифтке кіреді, біреуінің қолында бөтелке бар. Деректерде тәртіп сақшылары мас екені айтылған. 

Бұл оқиғаға Астана қалалық полиция департаментінің басшысы Марат Төлебаев ресми Facebook-парақшасында пікір білдірді. 

"Әлеуметтік желілер мен Telegram-арналарда жарияланған полиция департаменті қызметкерлері бар видеоға қатысты астаналық полиция департаменті қызметтік тергеу жүргізді. Олар жұмысынан босатылды", — деп мәлім етті ол. 

Бұған дейін Талдықорған қаласындағы жергілікті полиция қызметінің басшысы "әкім орынбасарының әйелімен" болған оқиғадан кейін қызметінен қуылғанын жазған едік.

Полиция қызметкері Жетісу облысы әкімінің орынбасарларының бірінің әйеліне жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін заң бойынша хаттама ресімдегісі келген. Алайда тәртіп сақшысына полковниктердің бірі "223" шақыру байланысы арқылы қоңырау шалып, кінәлі әйелді жіберуді талап еткен. 

Дегенмен, полиция қызметкері "қоңырауға" бағынудан бас тартып, заң шеңберінде заңбұзушылық туралы хаттаманы ресімдеген. 

Полиция қызметінің басшысы қызметінен босатылды.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.