Отандық кино жұлдызы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бала кезін еске алды. Ол балалық шағында армандаған дүниелердің барлығы орындалғанын айтып мақтанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Актриса отбасына да қатысты армандарының орындалғанын жасырмады. 

“Мен бала күнімнен қуыршақтарды өте қатты жақсы көрдім. Ата-анам бетімнен қақпай қуыршақтарды үйіп-төгіп әперетін. Өте ұқыпты болдым. Бір қуыршағымды да тоздырмай, жоғалтпай ойнаушы едім. Содан 13 жасқа толғанда көршім: “Ең жақсы көретін, қимайтын затыңды біреуге беру керексің. Әйтпесе жаманшылық болады” деді. Мен соған сеніп, үйдегі бар қуыршақты танымайтын бір қызға бере салдым. Араға жылдар салып, өзіме қайтадан қуыршақтар сатып алдым”, –дейді актриса. 

  • "Әжем теріс бата берген": Актер Шерхан Пірназар балалық шағын есіне алды

  • "Қойларыма концерт қоятын едім": Ернар Айдар бала күніндегі арманын айтып, елді күлдірді

Сондай-ақ өнер иесі бойжеткен шағында отбасы мен саяхат, хобби туралы армандаған. Ең қызығы, солардың бәрі тура ертегідей орындалған көрінеді. 

“Неге екені белгісіз, бойжеткен шағымда 4 балам болса деп армандадым. Тіпті 2 ұл, 2 қыз болуын қаладым. Тұп-тура келді”. Одан кейін саяхатқа қатысты да біраз айтқаным орындалды. Биіктіктен секіруді мақсат еткен едім. 2013 жылы Түркияның Тахталы қаласында 2365 метр биіктіктен секіріп, аспанда қалықтап ұштым. 2017 жылы су астындағы тіршілікті көру арманым орындалды. Мальдив аралдарына демалысқа барғанда теңіз астына түсіп, ондағы тіршілікті көзбен көрдім. Үлкен тенниске қатысу, атқа міну секілді спорт түрлерін де арманымның қатарында еді, барлығы орындалды”, – деп ағынан жарылды актриса. 

  Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

  Еске салайық, желіге Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың бірге жүрген видеосы тарағанын жазған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.