Алматы қалалық сотында Рахат Тұрлыхановтың ұрып-соғу фактісі бойынша ісі қайта қаралады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Instagram rakhat_turlykhanov

Өткен жылдың желтоқсан айында Рахат Тұрлыханов үйінде жанжал шығарып, әйелін ұрып-соққан. Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты тараптардың татуласуына байланысты Тұрлыхановқа ескерту ғана жасаған. Алайда, сот кеңсесінің мәліметінше, 10 қаңтарда сотқа прокуратура наразылық білдіріп, апелляциялық шағым түсірген. Бұл ақпаратты қалалық прокуратура растады.

"Алматы қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешіміне Түрксіб ауданының прокуроры наразылық білдірді", — делінген хабарламада.

  • "Тұрлыхановтардың отбасылық дәстүрі": Әйелін екінші рет соққыға жыққан әнші Рахат Тұрлыханов тек ескертумен құтылды
  • Әйеліне қол көтерді деп айыпталған Рахат Тұрлыханов жұбайымен бірге бейнеүндеу жасады

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық әнші – мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың туысы Рахат Тұрлыханов әйелін соққыға жыққаны үшін тағы да сот алдында жауап беретіні туралы жазған едік. 

Депутаттың інісі Рахат Тұрлыханов әйелін ұрып-соққаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық бойынша сотқа шақырылған. Алайда әйелі оны кешіргендіктен, әртіс жазадан құтылып кеткен.

9 қаңтарда Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Рахат Тұрлыхановқа қатысты істі қарағанын хабарлады.

10 қаңтар күні әйеліне қол көтерді деп айыпталған Рахат Тұрлыханов жұбайымен бірге бейнеүндеу жасаған еді. 

Сондай-ақ бұған дейін Рахат Тұрлыхановтың туысы Болат Тұрлыхановтың ұлының үстінен адвокаттардың шағымынан кейін қылмыстық іс қозғалған еді. Тұрлыхановтың 20 жастағы төртінші ұлы Нұрасыл Болат сот шешімімен кінәлі деп танылып, оған 1 миллион 700 мың теңге айыппұл салынған.

Кейін Тұрлыхановтың тергеудегі ұлы Нұрасыл Болат әскери бөлімнен қашып кеткені белгілі болған. Осыдан кейін ол басшылық бұйрығына бағынбағаны және орындамағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде  Дәулет Тұрлыхановтың ортаншы ұлы мен қыздың арасындағы жанжалға байланысты видео тараған. Дәулет Тұрлыханов бұл жағдай өзінің отбасына соңғы жылдары жасалған кезекті ақпараттық шабуыл деп ойлайтынын атап өткен болатын.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.