Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында белсенді Макс Боқайдың апелляциялық шағымын қарау бойынша отырыс өтті. “Әкімшілік қадағалау бойынша заңнаманы бұзу” бабы бойынша жасалған апелляциялық шағым қанағаттандырылды. Өйткені оның құқық бұзушылық әрекетке барғаны расталмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видеодан кадр

Істі судья Анар Айтжанова қарады. Макс өзінің шағымында 15 қаңтарда шығарылған учаскелік инспектордың қаулысының күшін жоюды және оны заңсыз деп тануды сұрады.

Учаскелік инспектор М.Боқайды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 480-бабының 1-бөлігі (Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын немесе өзiне қатысты сот белгілеген шектеулерді орындамауы) бойынша кінәлі деп тану және ескерту түрінде жаза қолдануға қаулы етті. Осы қаулымен Боқай үзілді-кесілді келіспеді. Ол оны заңсыз деп санады. 

1 ақпанда Боқай судья Айтжановаға қарсылық білдірді, өйткені ол 14 Қаңтарда оған қатысты істі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы (Сот шешімін орындамау) бойынша қарады. Содан кейін Боқайға 18 460 (5 АЕК) айыппұл салынды. 

22 қаңтарда №2 Атырау қалалық сотының судьясы Зауре Қазақбай Макс Боқайға әкімшілік қадағалау мерзімін тағы алты айға ұзарту туралы шешім шығарды. Алдыңғы әкімшілік қадағалау мерзімі наурыз айында аяқталуы керек еді. Сот шешімімен келіспеген Боқай апелляциялық шағым берді. 

Сот шешіміне сәйкес, М.Боқайға қаладан кетуге, кешкі оннан таңғы алтыға дейін көшеде жүруге, қоғамдық-саяси мәселелерді талқылауға, қоғамдық орындарда өз пікірін білдіруге тыйым салынды. Мұндай шешім 13 қаңтардағы хаттамаларға және 15 қаңтардағы полиция қаулысына сәйкес шығарылды.

Естеріңізге салайық, 13 қаңтарда М.Бақайдың үйіне пробация және полиция қызметкерлері келіп, оны "сот шешімін орындамады" және "әкімшілік қадағалау ережелерін бұзды" деп айыптады. Полиция өткен жылы

М.Боқайдың "Политон клубы" YouTube арнасына берген сұхбатында, сондай-ақ Facebook-тегі жеке парақшасында 31 қаңтарды саяси тұтқындар күні деп жариялау ұсынысы үшін оған әкімшілік хаттама жасады. Макс Боқайдың шағымы қанағаттандырылды.

Бұған дейін Щучинскіде жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасады деген күдікті ұсталғанын жазған болатынбыз.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.