Қаражат жетіспеген кезде өзіңе қажет тауар не қызметті бөліп төлеу арқылы сатып алу ең ыңғайлы шешім. Себебі ол уақыт пен ақшаны үнемдеп қана қоймай, кез келген уақытта қалағаныңды алуға мүмкіндік береді. Ал енді қажет дүниеге қол жеткізе отырып, әр екі апта сайын қосымша су жаңа iPhone 15 PRO MAX, iPhone 15 PRO, AirPods және фирмалық рюкзак ұтып алуға мүмкіндік туса, қуаныш еселене түсетіні анық. HOME CREDIT BANK-тің OZEN бөліп төлеу картасы осындай мүмкіндікті ұсынады. 

OZEN бөліп төлеу картасын тұрақты қолданатын клиенттер 27 ақпаннан 22 сәуірге дейін 5 мың теңгеден бастап транзакция жасаған кезде iPhone 15 PRO MAX, iPhone 15 PRO смартфондарының, AirPods және арнайы сөмкелердің ұтысына қатыса алады. Картаны неғұрлым көп қолдану, жеңісті соғұрлым жақындатады. Барлық клиент үшін қалаулы сыйлық iPhone 15 ұтысы екі апта сайын өтеді.

OZEN-ді қалай ашамыз?

Картаны рәсімдеу үшін үйден шығудың да қажеті жоқ. Бар болғаны Home Credit Bank сайтына немесе мобильді қосымшасына кіріп, картаны ашуға тегін өтінім тастап, өзіңіз таңдаған мекенжайға тегін жеткізу қызметін пайдаланып, тапсырыс бере аласыз. Немесе онлайн виртуалды картаны бірден қолдана беруге болады. Картаны шығару үшін де, оны қолдану үшін де комиссия төлеудің қажеті жоқ, себебі бәрі су тегін.

OZEN-нің қандай артықшылығы бар?

Картаны қолданудың сыйлықтар алудан бөлек тағы бірнеше жағымды артықшылықтары бар. Алдымен OZEN бөліп төлеу картасы бүкіл әлем бойынша тауар сатып алғанда 6 айға бөліп төлеу мүмкіндігін ұсынады. Оған сізден ешқандай пайыздық мөлшерлеме ұсталмайды.

Екіншіден, Home Credit Bank-тің OZEN бөліп төлеу картасымен қажет қаражатты әлемнің кез келген бөлігінде ешқандай комиссиясыз шешіп алуға болады және банк тарапынан комиссиясыз қаражатыңызды картадан картаға аударуыңызға болады. Мұндайда есептелетін сыйақы мөлшерлемесі айына – 3% (жылына 36%). Яғни сіз кез келген елде OZEN бөліп төлеу картасымен төлем жасап, бөліп төлеуге қажет тауар немесе қызметті сатып алып, банкоматтан ақша шығару кезінде және картадан картаға аударым жасағанда ешқандай комиссия төлемейсіз. Home Credit Bank-тің OZEN-картасы мұндай қызмет түрлерін тегін көрсететін Қазақстандағы алғашқы өнім деп сеніммен айтуға болады.

Картаға тапсырыс беріп, оны жеткізуге және өзге де қосымша ақпарат алуыңызға болады.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.