Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті еліміздегі білім беру мекемелеріне қойылатын талаптарға өзгерістер мен толықтырулар дайындады. Енді мектеп дәретханаларында жарақтандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет pixabay-дан

Жаңа санитарлық талап бойынша, дәретханаларда жуу раковиналары, қол жууға және кептіруге арналған құралдар, дәретхана қағазы ұстағыштары, қоқыс жинауға арналған урналар орнатылады. Бұл ретте дәретхана қағазы да қамтамасыз етілетін болады.

Мектепке дейінгі мекемелерде арнайы балалар дәретханалары орнатылады. Ал оқушыларға арналған дәретханаларда арнайы кабиналар мен есіктер болады.

  • Қазақстан мектептерінде жыныстық сауат сабағы енгізіле ме – Тамара Дүйсенова жауап берді

  • 2023 жылдың басынан бері Қазақстанның білім беру саласында 13 млрд теңге залал келтірген 192 іс тергелген

Бұл түзетулер 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді деп жоспарланған.

Сонымен қатар, білім алушыларға арналған жатақханаларда 4-6 адамға 1 душ, 1 жуу раковинасы және 1 дәретхана орнатылатыны нақтыланады. Ал әйелдердің жеке гигиенасына арналған 1 кабина 50 адам арнап салынады. Оның іші дәретханамен, душпен және қол жуатын раковинамен жабдықталады.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.