Көлік құралы салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары



жүктеу 41.67 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі41.67 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «30» қарашадағы

№ 1518 қаулысымен

бекітілген 

Көлік құралы салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық есептілігін

(есебін) жасау қағидалары (701.00-нысан)

 
1. Жалпы ережелер


1. Осы Көлік құралдары салығы бойынша салық есептілігін ағымдағы төлемдер (есебін) жасау қағидалары (701.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және ағымдағы салық кезеңінің 1 шілдесіне дейін меншік құқығындағы, шаруашылықты жүргізу құқығындағы немесе жедел басқару құқығындағы көлік құралдары бойынша, сондай-ақ қаржы лизингі шарты бойынша берілген (алынған) көлік құралдары бойынша көлік құралы салығын есептеуге арналған көлік құралы салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық есептілігі нысанын (есебін) (бұдан әрі – есеп) жасау тәртібін айқындайды. Есепті Салық кодексінің 365-бабына сәйкес заңды тұлғалар толтырады.

2. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

3. Көрсеткіштер болмаған кезде есептің тиісті торкөздері толтырылмайды.

4. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.

5. Сомалардың теріс мәндері тиісті жолдың бірінші сол жақ торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.

6. Есепті жасау кезінде:

1) қағаз жеткізгіште – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық жеткізгіште – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

7. Қаржы лизингі шарттары бойынша берілген (алынған) объектілер бойынша есепті лизинг алушы толтырады және табыс етеді.

8. Есепке Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

9. Есепті тапсырған кезде:

1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште – салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші салық есептілігінің салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылданғаны немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.

10. Қосымшаның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде есептің «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

11. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы Заң) сәйкес есепті табыс ету кезінде:

СТН – Ұлттық тізілімдер туралы Заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

ЖСН/БСН – Ұлттық тізілімдер туралы Заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеке сәйкестендіру нөмірін (бизнес-сәйкестендіру нөмірін) міндетті түрде толтыруы тиіс.

 

2. Есепті жасау (701.00-нысан)



 

12. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) көлік құралы салығы бойынша төлеушінің СТН;

2) көлік құралы салығы бойынша төлеушінің ЖСН/БСН көрсетіледі;

3) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі (жыл) – есеп берілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі).

4) салық төлеушінің Т.А.Ә. немесе атауы.

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі;

5) есептің түрі.

Тиісті торкөздер есепті Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігі түріне жатқызу есебімен белгіленеді;

6) хабарламаның нөмірі мен күні.

Торкөздер Салық кодексінің 63-бабының 3-тармағы 4) тармақшасында көзделген хабарлама бойынша қосымша есепті табыс еткен жағдайда толтырылады.

7) салық төлеушінің санаты.

Торкөздер, егер салық төлеуші А, В, С жолдарында көрсетілген бір немесе бірнеше санаттарға жатқан жағдайда толтырылады;

8) валюта коды.

«Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланатын жіктеушілер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 378 шешімімен бекітілген 23 «Валюталар жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі.

13. «Көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу» деген бөлімде:

701.00.001 жолында Салық кодексінің 369-бабында белгіленген мерзімде төлеуге тиісті көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық төлеушімен есептелген жалпы сомасы көрсетіледі.

14. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» деген бөлімде:

1) «Салық төлеушінің (басшының) Т.А.Ә.» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес салық төлеушінің (басшының) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

2) есептің тапсырылған күні.

Салық органына есептің тапсырудың ағымдағы күні көрсетіледі;

3) салық органының коды.

Салық салу объектісінің тіркеу орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;

4) «Есепті қабылдаған лауазымды адамның Т.А.Ә.» жолында есепті қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

5) есептің қабылданған күні.

Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес есепті табыс еткен күні көрсетіледі;

6) құжаттың кіріс нөмірі.

Салық органы беретін есептің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

7) пошта штемпелінің күні.

Пошта немесе өзге байланыс ұйымында қойылған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.



___________________________


Каталог: sites -> default -> files -> npa -> fno -> 2013 -> pravila kaz
pravila kaz -> Нысан Жалпы ережелер
pravila kaz -> Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары
pravila kaz -> Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын, мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салық есептілігін жасау қағидалары
pravila kaz -> Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарын, банктік қызметті, лицензия негізінде кейбір банктік операцияларды, зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақыны төлеу жөніндегі қызметті
pravila kaz -> Жұмыспен қамтуға көмектесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударымдардың және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары салық есептілігін
pravila kaz -> Жеке табыс салығы және мүлік бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
pravila kaz -> Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
pravila kaz -> Экспортқа рента салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
pravila kaz -> Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет