Honor компаниясы смартфондарының өндірісі мен дамуына таңғажайып инновацияларды қосып жатыр әрі технологиялық индустрияда маңызды із қалдырып жатқанын дәлелдеп отыр. Бұған Stan.kz тілшісі куә болды. Журналисіміз жақында компанияның Қытайдағы зауыты мен зертханаларына аяқ басып, смартфондардың қалай жасалатынын көру мүмкіндігіне ие болды. Шын мәнінде бұл ғажап, өзгеше процесс!  Мұндайды көргенде бар, көрмеген де бар.

Компания екі смартфонын таныстырды — Magic V2 және HONOR X8b. Осы және басқа да смартфондарды құрастыру кезеңі қалай өтетінін, оларға қандай сынақтар жүргізілетінін көріп аң-таң болдық. Себебі инженерлер мен шығарушылар смартфонның өз атына лайық екенін дәлелдеу үшін әрбір кішкентай детальдарға мән береді. Honor ағылшын тілінен аударғанда “абырой” дегенді білдіреді. Ал абырой мен бедел компания үшін басты орында.

Уоркшопқа шақырылған журналистер, біз, Қытайдың екі қаласында болдық. Сиань және Шэньчжэнь қалаларының маңында орналасқан зауыт пен ғылыми зертханаларда смартфондардың жасалу жолы мен оларды сынақтан өткізу процесін көріп, бағаладық.

Компанияның зертханалары мен зауытына келгенде барлық құрылғыларымызды, оның қатарында смартфондар да бар, кіреберісте сейфтерде қалдыруға тура келді.

Мамандардың сөзінше, бұл — құпия деректердің таралып кетпеуіне бағытталған сақтық шарасы. Дегенмен бұл шара біздің эксклюзив мәлімет алуымызға кедергі болған жоқ.

Камераны сынау: шеберліктің шыңы

Алғашқы R&D (Research and Development — Зерттеу және дамыту) ғылыми зертханасының біріне кіргенде-ақ басқа әлемге түсіп кеткендей күйде боласың. Бір жағынан қарағанда көзге үйреншікті локациялар, бірақ олар камера сынағына арналған жасанды орындар екен. Дәмхана сияқты жасалған орын, асүй бөлмесін еске салатын атмосфера, шынайы тағамдар сияқты жасалған жасанды тамақтардан құралған дастархан — бәрі-бәрі адамның тұрмыс-тіршілігіне қатысты кез келген жағдайларды қамтитын локациялар.

Смартфон камерасын тексеруге арналған бұл орындарда робот арба қозғалып жүреді екен. Бізге бұл роботты көрсеткен жоқ, себебі оның қуатталуына ұзақ уақыт кетеді екен. Дегенмен сіздер, оны фотодан көре аласыздар. 

Аталған локациялар әртүрлі, оларды бөлек студия ретінде де қарастыруға болады. Әр студиядағы түрлі-түсті бояу көздің жауын алады, ал енді бір тұстарды әдейі күңгірт түске бояған. Телефон “ұстаған” робот өздігінен қозғалып, фотода студиядағы түстердің қалай көрініп тұрғанын көрсетуі керек. Ары қарай фото мамандарға жіберіліп, олардың сапасы зерттеледі. Осылайша мамандар смартфонның әр моделінің камерасын жан-жақты сынайды. 

Смартфондар қалай жасалады?

Бірден айту керек, зауытта әр смартфонды негізінен бастап, оптикалық детекциядан өткізіп, әр бөліктерін шетінен толтырып, жинайды. 

Зауыттың негізгі бөлігіне кіргенде тізілген машиналарды, роботтарды байқайсың. Онда әрбір аппараттың өз рөлі бар және тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Кейбір машиналардың жанында адамдар жұмыс істейді. Өндірісте жалпы 5 мыңға жуық адам қызмет етеді екен. Олардың жұмысына назар салдық. Инженерлер жүйе жасайтын автоматты операциялардан соң смартфондарды тексеріп отырады. Мәселен, беті сырылып кеткен жоқ па, басқа да ақаулар бар-жоғына мән береді. 

Смартфон жасау процесі корпусынан басталады. Әр кезең мұқият тексеріліп, шаң немесе сызаттар сияқты ақаулар анықталған жағдайда өндіріс жалғаспай қалады. Мұнда кабельдерді қосу және экранға қорғаныс қабын орналастыру сияқты нақты тапсырмаларды орындау үшін автоматты машиналарды да, адам еңбегін де пайдаланады.

Модельді толыққанды өндіріске жібермес бұрын, дроп-тесттен өткізеді, иілу мүмкіндігін тексереді, бірқатар сынақтарды орындайды. Бұл сынақтар тіпті экстремалды жағдайларда да құрылғыға деген сенімді қамтамасыз етеді.

Аккумуляторлар әлеміндегі революция

Honor смартфондарының маңызды жетістігі — супер жұқа батарея. Бізге берілген ақпаратқа сәйкес, жиналмалы Honor Magic V2 смартфоны үшін жаңа кремний-көміртекті аккумулятор әзірленген. Бұл технологияны жетілдіру арқылы смартфонның автономиясы артқан және 66 Вт-қа дейін жететін жоғары жылдамдықпен қуаттауға ие болған.

Жұқа және энергияны көп қажет ететін қуат көзін жасау арқасында компания жиналмалы смартфонның қалыңдығын бір сантиметрге дейін жұқартқан. 

Сан мыңдаған сынақ

Honor өнімдерінің сапасын қамтамасыз ету процесінде смартфондардың құлаған кезде қаншалықты төзімді болатынын тексеруі, яғни дроп-тесттің рөлі маңызды. Бұл сынақта телефонның пайдаланушының қолынан түсіп қалуы мүмкін әртүрлі жағдайларды келтіреді. Осылайша құрылғының күнделікті пайдалану кезінде күтпеген соққыға төтеп бере алатынына кепілдік береді. 

Honor смартфондары өндірілмей тұрып ұзақ процестен тұратын тестілеуден өтеді. Былайша айтқанда, смартфонды “азаптайды”, барлық болуы мүмкін сценарийлерді орындайды: бұрыштарға соғады, қатты беткейлерге құлатады және т.б. 

Инженерлер смартфон стандартты пайдалану биіктігінен, яғни көбіне адам бойымен бірдей биіктіктен бір тәулікте 40 рет құлайды деп түсіндірді.

Мұндай сынақтар смартфонның әлсіз тұстарын анықтауға және қажет болған жағдайда оны күшейтуге көмектеседі. Сонымен қатар олар өте жоғары және төмен температурада сыналады екен. Өндірістік орында смартфондарды тіпті жылу және суық сынақтарынан өткізеді. 80 градусқа дейін қыздырады және минус температурасында қатырады.

Айта кету керек, компанияның негізгі стратегиясының бірі – инновацияға инвестиция салу. Тіпті 2023 жылы Honor табысының 10%-ын зерттеулер мен әзірлемелерге бөлген. 

Қорытындылай келе, Honor смартфондарының өндірісі инженерлік ой мен технологиялық прогрестің шыңы деп сенімді түрде айта аламыз. Себебі бұл құрылғылар жоғары технологиялық өндіріс желілерінің “жүрегінде” дүниеге келеді. Мұнда құрастырудан тестілеуге дейінгі әрбір қадам мінсіз сапаға ұмтылған. Автоматтандырылған процестер мен соңғы бақылауды адам жүргізетіні әрбір смартфонның жоғары технологиялық стандарттарға жауап беретінін көрсетеді. Сонымен қатар смартфон иесінің өміріндегі ең сенімді серігіне айналу үшін барын жасайды.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.