Көмірді пайдаланатын қазандық 5,0 мвт, Әуезов кенті



жүктеу 56.36 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі56.36 Kb.

Көмірді пайдаланатын қазандық 5,0 МВт, Әуезов кенті

1-сурет – Қазандық элементтерінің орналасу сызбасы


Жоба белгіленген 7,5 МВт жылу қуаттылығымен, 5 МВт жұмыс жылу қуаттылығымен КВм-2,5КБ үш қазанмен су жылытатын қатты отынды қазандық құрылысын қарастырады. Қазандық шығаратын жылу энергиясы Әуезов кентінің әкімшілік, әлеуметтік және тұрғын жай объектілерін жылу энергиясымен және ГВС-пен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету үшін қызмет етеді.

Қазандық келесідей сипатталады:

- пайдаланылуы бойынша – жылыту;

- негізгі жабдықты орналастыру бойынша – бөлек тұратын;

- тұтынушылардың жылумен қамтамасыз етудің сенімділігі және жылуды босату санаты бойынша – бірінші.

Отын – Майкөбе бассейні Сарыкөл кен орнының көмірі. Жанудың ең төмен жылылығы – 4250 Ккал/кг.





2 -сурет – Көлденең қима


Қазандықтың жұмысы қызмет көрсететін персоналдың үнемі басы-қасында болуымен жүргізу қарастырылған. Қазандықтың жұмыс тәртібі – жыл бойы, тәулік бойы.

Жылу жүктемесі:

- жылумен және ГВС-пен қамтамасыз ету – 4,2 МВт

Жылумен қамту сызбасы – екі мұржалы, тәуелді.

Жылу тасымалдағыш – су.

Температуралық кесте:

- жылыту және вентиляция – 95/70°С

Жылу беру жүйесі – механизацияланған, 2 желіден тұрады – негізгі және резервтік.

Жылу берудің бір желісінің өнімділігі – 15 м3/ч.

Шлак пен күлді бөлу жүйесі – механизацияланған, 2 желіден тұрады – негізгі және резервтік.

Шлак пен күлді бөлудің бір желісінің өнімділігі– 15 м3/ч.

3-сурет – Аумақты абаттандыру жоспары


Модульдік орындау қазандығының ғимараты, темір жол және автомобиль көлігімен тасымалдау мүмкіндігімен.

Қазандық ғимаратының сипаттамалары:

- ғимараттың жауапкершілік сыныбы - II;

- ғимараттың бағыты брйынша сенімділік коэффициенті - 0,95;

- өрт қауіпсіздігі сыныбы – Ф5.1;

- отқа төзімділік деңгейі - IIIа.


Қарастырылып отырған жобада құрылыс кезіндегі (12 ай бойы) және жобаланып отырған қазандықты пайдалану кезінде ауаға шығарылатын ластаушы заттар есепке алынатын болады. Құрылыс – монтаж жұмыстары кезінде атмосфераға зиянды заттардың шығарылуы стационарлық емес және қысқа мерзімді сипатқа ие болады.

Пайдалану кезінде жалпы алғанда 14 атаулы ластандырғыш заттардың атмосфераға 8 зиянды заттардың шығарылатындығы қарастырылып отыр, олардың ішінде 1 ұйымдастырылған және 7 ұйымдастырылмаған (оның ішінде біреуі стационарлық емес).

Ауаға шығарылатын заттардың нормаланған саны 85.53951 т/жыл. Құрайды, оның ішінде қатты заттар 27.0769 т/жыл, газ тәріздес 58.46261 т/жыл.

Қазандықта әрқайсының жылу өндіру қуаттылығы 2,5 МВт болатын, маркасы КВм-2,5КБ 3 су жылытқыш орнатылатын болады (2 –і жұмыс істейді, 1-і резервте).

Қазандық Майкөбе бассейні Сарыкөл кен орнының қоңыр көмірімен жұмыс істейтін болады. Көмірдің шығысталуы 1,27 т/сағ, 2553,7 т/жыл болады.

Ластандырғыш заттардың шығарылуы диаметрі 0,8 м, 31,815 м биіктіктегі түтін шығатын құбыр арқылы ДН-9м/1500 түтін сорғыштарымен, ЦН-15 с КПД циклондарда шаң ұстағышымен алдын ала 85 % тазартылғаннан кейін жүзеге асырылады.

Көмірдің берілуі және шлактың шығарылуы механикалық түрде жүзеге асырылады.

Қазандықтың құрылысы кезінде жалпы алғанда 14 атаулы ластандырғыш заттардың атмосфераға 4 ұйымдастырылмаған және стационарлық емес зиянды заттардың атмосфераға таралатындығы қарастырылып отыр.

Шығарылатын заттардың нормалық саны 0.24469 т/жылды құрайды, оның ішінде қатты қаттар 0.1063 т/жыл, газ тәріздесі 0.13839 т/жыл.

Санитарлық қағидалардың 1-қосымшасы 13.6-т. сәйкес СҚА мөлшері 200 Гкал аз жылу қуаттылығымен қазандықтардың барлық түрлері үшін кемінде 50 м құрайды. Алайда, ауа атмосферасының қолайлы санитарлық жағдайын қамтамасыз ету үшін, болашақта отын шығынын ұлғайтқан жағдайда артығымен СҚА есебін 200 м-ге дейін ұлғайту шешімі қабылданды.

Қабылданған СҚА 200 м мөлшері барлық құрасындар бойынша м.б. ШЗК үлесі белгіленген мәнін қамтамасыз етеді, ал шаңы бойынша SiO2 құрамындағы бейорганикалық 70-20 % барынша шоғырландыру ШЗК үлесі 0,77 м.б. құрайды. Нысан қауіптіліктік IV тобына жатады.

Қоршаған ортаға әсер ету мәні және бағалау толықтығы бойынша Әуезов кентіндегі қазандық IІІ топқа жатады.

Жақын тұрғын аймақ қарастырылатын нысанның шекарасынан шығыс жағынан 306 м қашықтықта орналасқан.

Сумен қамтамасыз ету және кәріз желісінің жобаланып отырған трассасы қазандықтың аумағында ағып өтетін Ақбастаубұлақ жылғасын кесіп өтетін болады. Құбыры бар қаптама жылғаның астына қысып (тесіп) орналастыру әлісімен салынатын болады. Осыған байланысты, учаскеде келесідей суды қорғау шаралары қарастырылған:



Құрылыс кезінде:

  • Қаптама металл құбырлардың коррозияға ұшырауы нәтижесінде жылғаның ластануының алдын алуға мүмкіндік береді;

  • Қысу әдісімен салып шығу жылғаның маңайындағы бұзылған жердің аумағын азайтады, оның флорасы мен фаунасына әсер етпейді;

  • материалдарды жинақтау арнайы алаңқайдағы жылғаның ағысынан барынша алыс жүзеге асырылатын болады;

  • құбырларды салу және орларды қазу кезінде құрамында көмірстугеі бар құрылыс материалдарын пайдалану қарастырылмайды;

  • Жұмыс жүргізу учаскесінде автотехниканы ЖЖМ жабдықтау қарастырылмайды. ЖЖМ құю жұмыс басталар алдында АЗС-та жүзеге асырылады;

  • Қалдықтар жұмыс күнінің аяғында өнеркәсіп қалдықтары полигонына шығарылатын болады;

  • Су тарту – зауытта дайындалған биодәретхана.

Пайдалану кезеңінде:

  • Жерүсту су ағысдарын тазарту «Service Pump» ЖШС фирмасының жоғары тиімділіктегі тазалау қондырғыларында жүргізу қарастырылған;

  • Арнайы техникаларға қазандықтың аумағында ЖЖМ құю және техникалық қызмет көсрету қарастырылмаған;

  • Нөсер жаңбыр суларының жылғаларға құйылуы оның қазіргі жағдайының нашаурлауына әсерін тигізбейді;

  • Көмір қалқаның астында сақталатын болады;

  • Күл – шлак үйіндісінің жер асты суларын ластауды болдырмау үшін қатты жабыны болады;

  • Барлық аймақта жерасты суларын ластаудың алдын алуға арналған қатты қабатпен қамту жоспарланған;

  • Жерасты және жерүсті суларынан қандай да бір қажеттіліктер үшін қоршауға алу қарастырылмаған.

Осылайша, кенттік қазандықтың құрылысы және пайдаланылуы жерасты және жерүсті суларының ласануына жол бермейді.

Қазандықтың аумағынан жерүсту ағын суларын жинақтау үшін «Service Pump» ЖШС фирмасының тазалау қондырғыларында ағынды суларды тазалап ағызатын ағынды кәріз қарастырылған. Тазаланған судың жобалық көрсеткіштері: мұнай өнімдері – 0,05 мг/л, өлшенген заттар – 3 мг/л. Тазалау тиімділігі 99,9 және 99,7 % пайызды тиісінше құрайды.


Пайдалану кезеңіндегі өндірістік қалдықтар

Күл-қож қалдықтары (коды GG – 030, «Жасыл деңгей») – 600 т/жыл мөлшерде қазандықта көмірді жағу кезінде пайда болады. Қалдықтар уақытша күл-қож үйіндісінде сақталады, кейіннен өткізіледі.

Металл сынықтары (коды GA – 090 «Жасыл деңгей») 4 т/жыл мөлшерде дәнекерлеу және жөндеу жұмыстары кезінде пайда болады. Металл сынықтары қатты жабынымен уақытша арнайы алаңда сақталады. Жиналуына қарай келісім-шарт бойынша арнайы қабылдау пункттеріне тапсырылады.

Сынапты шамдар (коды АА – 100 «Кәріптасты деңгей») – саны 10 дана/жыл үй-жайларды жарықтандыру кезінде пайда болады. Шамдар уақытша арнайы жәшіктерде сақталатын болады. Жиналуына қарай ШҚО сынаптан арылту орталықтарына берілетін болады.



Майланған ескі-құсқы нәрсе (коды AD – 060 «Кәріптасты деңгей») – 40 кг/жыл мөлшерде жөндеу жұмыстары кезінде пайда болады. Ескі-құсқы нәрселер уақытша кәсіпорын аумағының арнайы бөлінген жерінде жабық металл ыдыстарда сақталады. Жинақталуына қарай халыққа отын ретінде таратылатын болады.

Өлшенген заттар (коды AE 020 «Кәріптастық деңгей») –2,32 т/жыл мөлшерінде және мұнай өнімдері (коды AE 030 «Кәріптастық деңгей») 0,26 т/жыл мөлшерінде ағынды кәріз құбыры жүйесінен кезең-кезеңімен шығарылып отырады, және шарт бойынша кәдеге жаратуға арнайы мамандандырылған ұйымдарға берілетін болады.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет