Даниялық ғалымдар нейрондық желі арқылы адамның қанша жыл өмір сүретінін есептейтін бағдарламаны ойлап тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Нейрондық желі адамның интроверт немесе экстраверт екенін, оның қай жылы қайтыс болатынын да есептеп шығарады. 

Өткен айда Дания елінде іске қосылған life2vec сайты таныстырылды. Жобаны әзірлеушілер Nature журналының желтоқсандағы санында алгоритмнің қалай жұмыс істейтіні туралы егжей-тегжейлі сипаттап берді.

Жоба жетекшілері ерекше жайды атап өтті. Олардың айтуынша, онда ешқандай мистика немесе фантастика жоқ. Есептеулердің дәлдігі компьютер талдаған мәліметтер базасының үлкен көлемін қамтамасыз ете отырып, алты миллион даниялық тұрғынның әрқайсысы туралы барлық статистика жинақталған. Барлық ақпарат елдің ұлттық статистика басқармасының деректер қорында сақталған.

"Жобаның жаңашылдығы болжамдардың дұрыс, я терістігінде емес, керісінше, жаңа білім алу туралы. Бұл білімді бөлісуге және оны іске асыруға болады", – деп түсіндірді профессор Сиун Леман. 

Жобаның жетекші әзірлеушілерінің бірі Дания техникалық университетінің профессоры Сиун Леман түсіндіргендей, кез келген адамның өмір тарихын онымен болып жатқан оқиғалардың тізбегі ретінде елестетуге болады.

AI миллиондаған ұқсас процестерді бақылай отырып, қайталанатын өмірлік оқиғалар, кейбір заңдылықтар арасындағы байланыстарды байқай бастады. Ол үш негізгі деңгейді, яғни білімді, табысты және созылмалы ауруларды анықтайды.

Анықталған деңгейлер оқиғалардың белгілі бір даму ықтималдығын болжау үшін қолданылады. Оның ішінде белгілі бір жастағы кез келген себептерден қайтыс болу ықтималдығы да бақыланады. Қазірдің өзінде жоба өлу қаупі жоғары деп анықтаған адамдардың көпшілігі қайтыс болған. Мәселен, жол-көлік қозғалысы апаттары секілді адам сенгісіз жайттарды алдын ала болжайды.

Ғалымдар бағдарламаның тек Данияда зерттеліп жатқандықтан, оқырмандарды ауқымды тұжырымдар жасауға асықпаған дұрыс деп есептейді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.