Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысын бөлу нормативтері туралы



жүктеу 30.14 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі30.14 Kb.

Коммуналдық мемлекеттік

кәсіпорындардың таза табысын

бөлу нормативтері туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1..Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысын бөлу нормативтерін белгілеу, келісу және бекіту ережесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2..Жергілікті бюджет есебінен атқарылытын облыстың атқарушы органдары коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының тиісті бөлігін облыстық бюджетке толық және уақытылы аударуына осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес тұрақты бақылау жүргізсін.

3..«Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін. .

4..Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары М. Бигелдиевке жүктелсін.

5..Осы каулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі А. Баталов

Алматы облысы әкімдігінің

2015 жылғы «__» __________

№ ___ қаулысына қосымша



Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза табысын

бөлу нормативтерін анықтау, келісу және бекіту туралы

Ереже
Осы Ереже, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес дайындалып, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың (әрі қарай-кәсіпорындар) таза табысын бөлу нормативтерін анықтау, келісу және бекіту ретін анықтайды.

1. Кәсіпорындардың таза табысты бөлу нормативінде (әрі қарай-Бөлу нормативтері) таза табыстың сомасын жергілікті бюджеттің кірісіне аудару, резервтік капитал қалыптастыру, өндірістің дамуына және басқа да бағыттарға жұмсау ретінің пайыздық арақатынасы анықталады.

Сонымен қатар:

1) кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативтері (әрі қарай-Бөлу нормативтері) 15 % мөлшер негізінде белгіленеді.

2) кәсіпорынның материалдық техникалық базасын нығайтуға, өндірісті дамытуға жұмсалатын таза табыс бөлігі кәсіпорынның меншігінде қалатын таза табыс мөлшерінің 20 пайызынан аспау қажет.

2. Тиісті саланың басшылығымен уәкілетті органған тиісті жылдың қаржы-шаруашылық жағдайын бекітеті.

3. Кәсіпорын таза табыстың бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативтеріне сәйкес, корпоративтік табыс салығының декларациясын өткізу үшін бекітілген уақыттан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізу тиіс. Қаржы шаруашылық қызметінің есебі және бухгалтерлік теңгерімнің қорытындысы негізінде есеп айырысу жүргізіледі.

4. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің бекіткен бірыңғай сыныптамасының кодына сәйкес, тиісті кодқа тіркеу есебінің орны бойынша жергілікті бюджетке таза табыстың бір бөлігін аударуды жүзеге асырады.

5. Кәсіпорындар қайта құрылған кезде бюджетке аударылатын таза табысының бір бөлігін аудару міндеттемесі, қайта құрылған кәсіпорынға құқықтық мирасқор ретінде өткізіп беру актісі бойынша (бөлу теңгерімен) өткізіліп беріледі және құқықтық мирасқор мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бір айлық мерзімде орындалуға жатады.

6. Жергілікті бюджетке таза табыстың тиісті бөлігін толық немесе уақытылы аудармау Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес басшыны әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырады.

7. Кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігінің уақытында және толық бюджетке аударылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің, Қаржылық бақылау Комитетінің Алматы облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы, жергілікті атқарушы органдар және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

8. Ерекше жағдайларда бөлу нормативтері құрылтайшы актісімен қайта қарастырылады.



________________________________________________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет