Коммуналдыќ м‰лікті басќару



жүктеу 15.47 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі15.47 Kb.


2014 жылдың 1 қаңтарына Күршім ауданы

бюджетінің атқарылуы туралы

Ақпарат

2014 жылдың 1 қаңтарына аудан бюджетінің кірістер бойынша жалпы болжамы 100,7% орындалды, түсімдердің 4172127,5 мың теңге болжамының, 4199304,6 мың теңгесі түсті.

Меншікті түсімдердің болжамы 485000,0 мың теңгеге бекітілді, түсімдер 512178,2 мың теңге сомасында түсті, орындалуы 105,6% құрады.

Аудандық бюджетте 3687121,4 мың теңге трансферттер қарастырылған, соның ішінде субвенция 2548181,0 мың теңге, республикалық бюджеттен алынатын ағымдағы нысаналы трансферттер 604129,2 мың теңге, облыстық бюджеттен алынатын ағымдағы нысаналы трансферттер 459053,0 мың теңге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен бөлінген трансферттер 69899,7 мың теңге, төтенше жағдайларды жоюға арналған облыс әкімінің резерінің есебінен бөлінген трансферттер 5858,5 мың теңге, аталған трансферттер аудан бюджетінің шотына толығымен түсті.

Республикалық бюджеттен берілетін бюджеттік кредиттер 36351,0 мың теңге сомасында толығымен түсті.

2014 жылдың 1 қаңтарына аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 100%, атқарылды. Бекітілген жоспар 4239705,8 мың теңге болғанда, кассалық атқарылуы 4238708,0 мың теңгені құрады. 2014 жылдың 1 қаңтарына қолдағы бар ақшаны бақылау шотында бюджет қаражаттарының қалдығы 32117,1 мың теңгені құрады, оның ішінде 2013 жылдың 1 қаңтарына қалған бюджеттік қаражаттардың бөлініп берілмеген бос қалдығы 0,2 мың теңге, меншікті түсімдердің артық орындалған сомасы 27178,2 мың теңге, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің шотындағы пайдаланылмаған қаржы 997,8 мың теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен алынатын бюджеттік кредиттермен қоса алғандағы трансферттер 881,3 мың теңге, облыстық бюджеттен алынатын трансферттер 1,3 мың теңге сомасында қалып қойды. Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер 1390,0 мың теңгені, бюджеттік кредиттер бойынша түскен сыйақылар 5,0 мың теңге, өтелген бюджеттiк кредиттер 6674,0 мың теңгені құрады. Бюджеттік кредиттер бойынша түскен сыйақылар 6,1 мың теңге сомасында, өтелген бюджеттiк кредиттер 4122,0 мың теңге сомасында жоғары тұрған бюджетке аударылды.




Қаржы бөлімінің басшысы Р.Загарулько
орын.Мұқанов а Г., тел:2-13-87


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет