Жақында отандық эстрада өкілдері Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртас Павлодардағы Наурыз мерекесінде қанша теңгеге өнер көрсететіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі lifepvl.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

 Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан алынды

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева мерекені атап өтуге қалалық бюджеттен қаражат бөлініп қойғанын айтты. 

“Қаражаттың негізгі бөлігі біздің әншілеріміздің гонарарына кетті. Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртастың өнер көрсетуі қымбат екенін бәріңіз білесіздер. Оларға жұмсалатын қаражат 10 миллион теңге”, – деді қала әкімінің орынбасары. 

  •  "200 миллион, 250 костюм": Баян Мақсатқызының шоу-мюзиклі қалай өтті

  • Үздік фильм – “Оппенгеймер”: "Оскар 2024" жеңімпаздары анықталды

Мәлімдемені естіген желі қолданушылары мен Павлодар өңірінің жұртшылығы наразы болып, негатив пікір жаудырып жатыр. 

“Тағы да ақшаны желге шашу”, “Оларды шақырмай-ақ, тойлауға болмай ма?!”, “Одан да сол ақшаны жағдайы жоқ отбасыларға берейік”, “Оларды арнайы шақырып қайтеміз, концерт қоюға келсін. Кім ұнатады сол барып көрсін”, “Сырқат балалардың еміне жұмсайық” деп жазып жатыр көпшілік. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Информационное агентство "Наша жизнь" Павлодар (@lifepvl.kz)


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.