Nvidia негізінен жасанды интеллект саласындағы әзірлемелерге арналған Blackwell микрочиптерінің жаңа буынын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: BBC

Өндіруші оны әлемдегі ең қуатты чип деп атады.

"Бізге қуаттырақ графикалық процессорлар қажет. Сонымен ханымдар мен мырзалар, мен сіздерді өте күшті GPU-мен таныстырғым келеді", — деді компанияның бас директоры Дженсен Хуанг Калифорниядағы әзірлеушілер конференциясында.

Nvidia компаниясы Blackwell платформасы, соның ішінде тиісті бағдарламалық жасақтама үлкен көлемдегі деректерді өңдеуде, инженерлік модельдеуде, электронды дизайнды автоматтандыруда, дәрі-дәрмектерді әзірлеуде, кванттық есептеулерде және генеративті жасанды интеллект жетістіктеріне жетуге көмектесетін ультра жылдам есептеулерге арналғанын атап өтеді.

Nvidia-ның қуатты графикалық чиптері мен бағдарламалық жасақтамасы жаңа мазмұн мен идеяларды жасайтын генеративті Жасанды зият үлгілерін әзірлеудің ажырамас бөлігі.

"Онжылдық бойы біз терең машиналық оқыту және жасанды зият сияқты жетістіктерге қол жеткізу үшін жеделдетілген есептеулерді іздестірдік. Генеративті жасанды интеллект – біздің заманның айқындаушы технологиясы. Блэквелл — жаңа өнеркәсіптік революцияның қозғалтқышы", — деді Хуанг. 

Фото: BBC

Apple, Microsoft және Amazon жасанды интеллект қолдайтын чиптерді әзірлеуде. Бірақ Nvidia-ның негізгі бәсекелестерінің өнімдері 2022 жылы шығарылған H100 чипінің қуаты мен тиімділігіне әлі сәйкес келмейді.

H100 құрылғылары ЖИ қолданбаларының көпшілігінің негізі саналады. Танымал ChatGPT чатботы Microsoft суперкомпьютерінде орнатылған 10 мың Nvidia GPU көмегімен оқытылды.

Nvidia Blackwell процессорлары ЖИ үлгілерін үйрету үшін алдыңғы буыннан төрт есе жылдамырақ, сонымен қатар 25 есе жоғары қуат тиімділігін қамтамасыз етеді деп мәлімдейді.

Компания Amazon, Google, Microsoft, Meta, Tesla және OpenAI қоса алғанда, оның негізгі тұтынушылары жаңа чипті бұлттық есептеу қызметтерінде және өздерінің жасанды интеллект әзірлемелері үшін пайдаланатынын айтты.

1993 жылы Кремний алқабында негізі қаланған Nvidia бастапқыда графикалық өңдеуге арналған микрочиптерді өндіруші ретінде белгілі болды.

Дегенмен, Хуан Nvidia процессорлары үшін қосымша мүмкіндіктерге инвестиция салып, жасанды интеллектке, бәс тікті. 

Компанияның акцияларының бағасы өткен жылы 240%-ға өсті және оның нарықтық капитализациясы биыл 2 триллион доллардан асып, оны АҚШ-тағы Microsoft пен Apple-ден кейінгі үшінші ең бай компанияға айналдырды.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.