Қырғызстанның парламент отырысында жоғарғы кеңес спикері Нұрланбек Шәкиев мемлекеттік тіл туралы заң қабылданғаннан кейін қырғыз тілінің мәртебесін көтеру керек екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оның айтуынша, қырғыз тілін дамытуды балабақша мен бастауыш мектептен бастау керек.

  • Тина Канделаки қазақтарды "мәңгүрт" деп атап, Қаңтар оқиғасы кезінде Ресейдің көмекке келгенін еске салды
  • Көршілерімізге қанша су қажет болса, сонша береміз – Қырғызстан президенті

"35 жыл бойы қырғыз тілі дамымады, мұны мойындауымыз керек. Тіпті көрші Қазақстанда 1-4 сыныпқа дейін тек қазақ тілі үйретіледі, басқа тіл жоқ. Біз де осындай қадамдарға баруымыз керек. Тағы бір мәселе, "Ыйман" пәні енгізілгенде, қырғыз және ағылшын тілі пәндерінің әрқайсысы бір сағаттан қысқартылды. Бұл қырғыз тіліне деген немқұрайлылық қой, басқа тілді үйрететін пәндерді қысқартуға болмай ма?" – деді депутат.

Нұрланбек Шәкиев барлық мемлекеттік қызметкерлер қырғыз тілін білуге міндетті екенін атап өтті.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.