Көкшетау вокзалында көші-қон заңнаманы бұзғаны үшін Пәкістанның бес азаматы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Polisia.kz

21, 36, 39, 41 және 42 жастағы шетелдіктер халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шетелдіктердің біріне 15 АЕК яғни 55 380 теңге айыппұл салынды. Қалғандарының материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды. Оларға бес жыл мерзімге Қазақстан аумағына кіруге тыйым салынды.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.