Алаяқтық үшін іздеуде жүрген күдікті Түркияда ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Stan.kz

"Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген күдікті Түркияда ұсталып, елге жеткізілді. Әйел топ құрамында алдын ала сөз байласу арқылы Kolesa.kz сайтында автокөліктерді сату туралы хабарландыру жариялап, азаматтарды үлкен сомаға алдаған", — делінген хабарламада.

Полиция алаяқтықтың 17 дерегін тергеп жатыр. Қазіргі уақытта күдікті Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамалған.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.