Алматыда 23 қаңтарда болған жер сілкінісі нәтижесінде сағат 03:00-те 8 адам зардап шекті. Олар бірден қалалық ауруханаға жеткізілді.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3 қабатынан секірген. 

Тексерістен кейін екеуі амбулаториялық емдеуге жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр, қазір ол ауруханада жатыр.

Үйден жүгіріп шыққан бес адам жарақат алды.

Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар амбулаториялық емдеуге жіберіледі.

 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.