Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан “Үлкен дулыға" турнирінің алғашқы айналымынан сүрінбей өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ijf.org

Әзірбайжан астанасында өтіп жатқан “Үлкен дулыға" турнирінде Әбиба Абужақынова 48 келіде белдесіп, бірінші айналымда Маврикий елінің балуаны Присцилла Моранды ұтты. Енді ол екінші айналымда швециялық Тара Бабулфатхпен белдеседі. 

Айта кетейік, "Үлкен дулыға" турнирінде әлемнің 64 елінен 413 балуан сынға түсіп жатыр. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.