Астанада төрт жігіт 20 жастағы бойжеткенді көлікке күштеп отырғызып, ұрлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: polisia.kz

Полицияның мәліметінше, адам ұрлау фактісі туралы полицияға қыздың туысы хабарлаған.

"Кешкісін, туысымен жұмыстан келе жатқанда жолдан бір көлік келіп тоқтаған. Көліктен төрт жігіт түсіп, қызды көлікке күштеп отырғызып, алып кеткен. Полицияға шағымданған кісі жігіттердің біреуінің өз ауылдасы екенін байқаған. Бұрын қыз бен жігіт қарым-қатынаста болған. Көлікті іздеу үшін қалада "ұстау" жоспары енгізілді", – делінген полиция хабарламадасында.

Полицейлер көп ұзамай күдіктілер мен қыз отырған көлікті анықтап, тоқтатты.

"Жігіттер қызды Түркістан облысына алып кетуді жоспарлаған, бірақ ауа райының қолайсыздығынан қаладан шыға алмаған. Қазір адамды заңсыз бас бостандығынан айыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бап бойынша үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Таразда қыз алып қашқан екі жігіттің 7 жылға сотталғаны туралы жазған едік.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.