Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяның теңіз шекарасына жақын жерде үш күн қатарынан артиллериялық оқ жаудырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ABC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Cурет  ABC News

Хабарламада Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяны арандатушылық әрекеттерін тоқтатуға шақыратынын жеткізген. 

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынның әпкесі Сеулдің Солтүстік Корея бір күн бұрын теңізге артиллериялық оқ жаудырды деген мәлімдемесін жоққа шығарды. Осылайша ол Оңтүстік Кореяның қару-жарақ ұшыруды анықтау қабілетін келемеждеді.

Оңтүстік Корея әскерилері оның мәлімдемесін "төменгі деңгейдегі психологиялық соғыс" деп тез арада жоққа шығарып, Солтүстік Кореяның кез келген арандатуына қатаң жауап беретінін ескертті.

Еске салсақ, Сеул Солтүстік Корея шабуылдайды деген болжаммен Ёнпхен аралдарының тұрғындарын эвакуациялағанын хабарлаған едік.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.