Конкурс жариялайды: «СҚо уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округі әкімінің аппараты»



жүктеу 65.02 Kb.
Дата09.05.2019
өлшемі65.02 Kb.
түріКонкурс

ХАБАРЛАНДЫРУ

«СҚО Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:


  1. «СҚО Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Е-G-3 санаты, 1 бірлік. Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Салық төлеушілердің толық тіркелуін қамтамасыз ету, салықтар мен басқада міндетті төлемдерді есептеу және жинау. Жиналған қаражатты уақытылы бюджетке тапсыру. Салық орындарына жеке кәсіпкерлікпен айналысатын азаматардан салық жинауды анықтауда қолдау көрсету. Кәсіпкерлік қызметінің дамуына көмек көрсету. Округ елді-секендерінде абаттандыру, көгаландыру және санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру. Қозғалатын және қозғалмайтын мүлікті тіркеу. Тұрғын үй құрылыстарының есебін жүргізу, жер учаскесіне иелік құқығын белгілейтін құжаттарын тексеру. Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, жер қатынастары, ауыл шаруашылық бөлімдерімен, аумақтық инспекциясымен бірлесіп озара келісіп жұмыстарды жүргізу. Техникалық қауыпсіздікті сақтау мәселелері. ЖШС мен АҚ басшыларымен қарым қатынас, ақпарат жинау, олардың жұмыстары бойынша жоғары тұрған ұйымдарға есеп беру. Ауылшаруашылық жәрменкелерді өткізуге көмектесу және ұйымдастыру. Шаруашылық кітаптарын жүргізу. Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша, әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жургізуді ұйымдастыру. Жер пайдалану жұмысын ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары білім: «Ауылшаруашылық ғылымдары» (агрономия), немесе «Гуманитарлық ғылымдар» (аудармашы ісі), немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, немесе қаржы, немесе есеп және аудит, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе «Білім», немесе «Құқық» бейіндері бойынша, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» (агрономия), немесе «Қызмет көрсету, экономика және басқару» (аудармашы ісі (түрлері бойынша), немесе экономика (салалар бойынша), немесе қаржы (салалар бойынша), немесе есеп және аудит (салалар бойынша)), немесе «Білім», немесе «Құқық» бейіндері бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.

  1. «СҚО Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы, Е-G-4 санаты, 1 бірлік. Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 62462 теңгеден 84115 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылық саланы дамыту сұрақтармен айналысады, ауылды қайта жаңғырту, агро-азықтүлік бағдарламасы жоспарларын жүзеге асырады. Жер орналастырушылық есебін, жер және тұрғын үй қоры мониторингі жұмыстарын жүргізеді. Кәсіпкерлік қызметінің дамуына көмек көрсетеді. Ауылшаруашылық жәрмеңкелердің өткізілуін ұйымдастырады. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлары бойынша жұмыстарды жүргізеді. Жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша ауылдық округ әкімінің НҚА жобаларын дайындайды. Шаруашылық кітаптарын, статистикалық есептер жүргізу және есеп беру. Салық төлеушілердің уақытылы және толық тіркелуін қамтамасыз ету, салықтардың барлық түрлерін және басқа міндетті төлемдерді уақытында төлеуін бақылау. Ауылдық округті абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастыру. Ауылдық округ әкімінің тапсырмалары бойынша басқа жұмыстарды атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары білім: «Ауылшаруашылық ғылымдары» (агрономия), немесе «Қызмет көрсету» (жерге орналастыру), немесе «Білім», немесе «Құқық», немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, немесе қаржы, немесе есеп және аудит) бейіндері бойынша, немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» (агрономия, немесе жерге орналастыру), «Қызмет көрсету, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), немесе қаржы (салалар бойынша), немесе есеп және аудит (салалар бойынша)), немесе «Білім», немесе «Құқық» бейіндері бойынша.

  1. «СҚО Уәлиханов ауданының білім бөлімі» ММ жалпыға бірдей білім беру бойынша жетекші маман, Е-R-5 санаты, 1 бірлік. Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 64960 теңгеден 88279 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Аудан мектептерінде білім жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету, мемлекетік емтихандарға дайындау және өткізу жұмыстарын ұйымдастыру. Жалпыға бірдей білім беру бойынша сұрақтарды шешу: аудан мектептерінде оқушылардың контингенті және козғалысы бойынша жұмысты бақылау, оқушылардың ыстық тамақпен қамсыздандырылу сұрақтарын шешу, аттестаттар тапсыру, мектептерде от жағу мерзімін ұйымдастыру сұрақтары бойынша жұмыс жасау. Аудандық білім бөлімінің жұмысын жоспарлау. ҰБТ-ға дайындық және өткізу барысына тұрақты мониторинг жүргізу, ҰБТ-ның нәтижесі бойынша талдау жасау және есеп беру. Оқушылардың қорытынды аттестациясын жасайды. Бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары білім: «Білім», немесе «Құқық» бейіндері бойынша, немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «Білім беру», немесе «Құқық» бейіндері бойынша білім.

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестілеу E-G-3, E-G-4, E-R-5 санаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуге және бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік деңгейін анықтауға арналған тестілер белгіленеді.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. белгіленген нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

      3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

      Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде оны   «СҚО Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде «СҚО Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» ММ және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің интернет-ресурсында қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 151200, СҚО Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Уәлиханов көшесі, 85, «СҚО Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» ММ немесе personal_ualih@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды телефон/факс 8(71542)79017 арқылы алуға болады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


02 желтоқсан 2016 года


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет