Сенат қабырғасында өткен брифингте ішкі істер вице-министрі Қазақстанда қанша өзбекстандық мигрант бар екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: t.me/KZgovernment 

Жыл басынан бері елге 1 млн 73 мың өзбекстандық кіріп, оның 982 мыңы қайта шыққан. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеа осылай деп мәлімдеді.

“Былтыр 5 млн 396 мың Өзбекстан азаматы Қазақстанға кіріп, 5 млн 373 мыңы шыққан. 411 мың азамат уақытша есепке алынды. Оның 376 мыңы жұмыс барысымен келген. Негізінен көп бөлігі транзитке тиесілі, яғни біздің ел арқылы көрші елдерге өтеді”, – деді вице-министр. 

Лепеханың сөзінше, өзбекстандықтар Қазақстанға негізінен құрылыс, тағы басқа біліктілігі төмен жұмыстар істеу үшін келеді. 

Тілшілер елге келген Тәжікстан азаматтары қанша екенін сұрады. 

“Жыл басынан бері 218 500 Тәжікстан азаматы келген. Кеткендер саны – 213 726.  Қазір 37 060 азамат көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған, 710 тәжікстандықты жауапқа тартып, 195 адамды елден шығарып жібердік”, – деп атап өтті ведомство өкілі. 

Сонымен қатар ішкі істер министрінің орынбасары миграция бойынша топ-5 елді айтып берді. Олар: Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, ҚХР. 

Биыл көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 9800 адам әкімшілік жауапқа тартылып, 1000 адам елден қуылды. Көші-қон заңнамасын бұзғандардың көп бөлігі –  Өзбекстан азаматтары. Одан кейінгі орындарда Ресей, Тәжікстан мен Қырғызстан тұр. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.