Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар



жүктеу 104.33 Kb.
Дата22.09.2017
өлшемі104.33 Kb.
түріКонкурс

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы

хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

1. Е-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санатына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 3) А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес; 4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес; 5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес.



2. Е-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 3) B-5, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес; 4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес; 5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.


Санат

Еңбексіңіргенжылдарынабайланысты




min

max

Е-1


150 740

203 208

Е-3


102 437

138 248

«Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» КММ, 050066, Алматы қаласы, Құлагер ықшам ауданы, Серіков көшесі, 2А, анықтама үшін телефондар: 384-27-63, e-mail: site.zhetysu@a-a.kz, d.imanova@almaty.gov.kz, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілер арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:



  1. Аудан әкімінің орынбасары, Е-1 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерінің, жоғары тұрған органдардың ішкі саясат, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау, ғылым және білім беру, мәдениет, туризм, спортты дамыту, жастар саясаты, көші-қон және демография мәселерінің орындалуын ұйыдастырады. Ұлтаралық қарым-қатынастар аясында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді. Аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдауды қамтамасыз ету бойынша бақылау жүргізеді. Қоғамдық консолидациясын және ішкі саяси тұрақтылығын сақтау бойынша жұмыс атқарады. «Тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру бойынша жұмысты үйлестіреді. Эвако комиссиясының жұмысын бақылайды. Мобильді дайындық бойынша комиссиясының жұмысын бақылайды. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есебін жүргізу бойынша комиссияның жұмысын және ұйымдастыруын бақылайды. аудан әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмысын және ұйымдастыруын бақылайды. Кәмелетке толған тұлғаларға қамқоршылық және қорғаншылық белгілеу жөніндегі комиссияның жұмысын бақылайды. Аудан тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссиясының жұмысын бақылайды. 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығына дейін 6 айдан кем емес мерзім жұмыс істеген тұлғаларға еңбек өтілін белгілеумен айналысатын арнайы комиссияның жұмысын бақылайды. Үйде әлеуметтік қызмет көрсету үшін жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерді есепке қосу жөніндегі комиссияның жұмысын бақылайды. Жетісу ауданы бойынша қала әкімі жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының жұмысын бақылайды. Қылмыстылыққа, сыбайлас жемқорлыққа, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша комиссиясының жұмысын бақылайды. Спортшыларға спорттық біліктілік санаттарын және спорттық разрядтарын беру жұмысын қадағалайды.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білім беру немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе өнер немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыс ғылымдар саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

  1. Әлеуметтік сала бөлімінің басшысы, Е-3 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі мәселелерді орындауды ұйымдастырады. Қоғамдық бірлестіктермен ұйымдардың бірге жұмыс ұйымдастырады. Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің жұмысын жетекшілік етеді. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысын үйлестіреді. Аудандық жұмыспен қамту орталығының жұмысын үйлестіреді Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есебін жүргізу жөніндегі арнайы комиссияның жұмысын ұйымдастыруды бақылайды. Жетісу ауданы әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыруды бақылайды. Кәмелетке толған тұлғаларға қамқоршылық және қорғаншылық белгілеу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыруды бақылайды. Аудан тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссиясының жұмысын ұйымдастыруды бақылайды. 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығына дейін 6 айдан кем емес мерзім жұмыс істеген тұлғаларға еңбек өтілін белгілеумен айналысатын арнайы комиссияның жұмысын ұйымдастыруды бақылайды. Үйде әлеуметтік қызмет көрсету үшін жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерді есепке қосу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыруды бақылайды. Денсаулық сақтау мекемелердің жұмысын үйлестіреді. Ауданының тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы қызметінің жұмысын үйлестіреді. Эвако комиссиясының жұмысын үйлестіреді. Жоғарыда тұрған органдардың халықты әлеуметтік қорғау сұрақтарындағы құжаттарын уақытылы қарастыруын қамтамасыз етеді. Бөлімге түскен заңды тұлғалардың, жеке жекеменшіктердің өтініштерін уақытылы қарастырудың бақылауын қамтамасыз етеді. Қайырымдылық акцияларды, түскі ас және концерттік бағдарламамен дайындауын және өткізуін үйлестіреді. Бөлім жұмысына жалпы басшылық жасайды. Жетісу ауданының стратегиялық жоспарын дайындауға және үйлестіруге жаупакершілік береді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білім беру немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыс ғылымдар немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары білім. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

  2. тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап үш жұмыс күннің ішінде, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратына (Алматы қаласы, Құлагер ықшам ауданы, Серіков көшесі 2А үй, 407 бөлмеге) тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күннен кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратына (407 бөлме) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметі) бөліміне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Басшының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген және арнайы kyzmet.gov.kz сайтында жарияланған.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.



Құжаттарды қабылдау 2017 жылдың 20 қаңтарынан 23 қаңтары аралығында жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет