Ақтауда патрульдік полиция мінген қызметтік көлік жол апатына себепкер болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынды

Оқыс оқиға 29 ақпан күні Ақтау халықаралық әуежайына баратын жолда орын алды.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, полицияға тиесілі "Toyota Avalon" көлігі жол үстінде аударылған. Аталған жағдай бойынша Маңғыстау облыстық полиция департаменті пікірі білдіріп, жол апатына патрульдік қызметкер кінәлі екенін атады.

"Патрульдік полиция батальонының инспекторы көлікті басқара алмай, "Опель Астра" көлігіне соғылды. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде полиция қызметкері облыстық ауруханаға жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Оқиғаға кінәлілер әкімішілік жауапкершілікке тартылды", — деді ПД баспасөз қызметі.

 

 
 

 

View this post on Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

A post shared by Актау 911 | Aktau 911 (@911.aktau)


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.