Жемқорлық жасағаны үшін сотталған Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бұрынғы бастығы Жаныспаевтың жазасы өзгертілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: rsk.almaty.kz

Тиісті қаулыны Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қабылдады.

Өткен жылдың 8 желтоқсанында Қостанай соты Жаныспаевты кәсіпкерге жалпы қамқорлық жасағаны үшін жалпы сомасы 13 миллион теңгеден астам ақшалай сыйақы алғаны үшін кінәлі деп таныды. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар департаментінің экс-басшысы арнаулы атағынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот алқасының қаулысына сәйкес, енді сотталған азаматтан мемлекет кірісі ретінде 8 840 000 теңге өндірілмек. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды.

Еске салсақ, Байзақтағы жарылыстан кейін сотталған қос сарбаздың жаза мерзіміне тағы 4 жыл қосылды.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.