Конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші: «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ


Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді



жүктеу 0.8 Mb.
бет2/5
Дата08.05.2019
өлшемі0.8 Mb.
түріКонкурс
1   2   3   4   5

5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді

олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне

конкурстық комиссияның қарауы және әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу


  1. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

  2. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:

  1. конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;

  2. конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін деп қарайды.

28. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:

1) әлеуетті өнім берушінің және ол тартатын бірлесіп орындаушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) ұсынбаған не тиісті түрде ресімделмеген күйде ұсынған;

2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік, сондай-ақ ол тартатын бірлесіп орындаушының біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;

3) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған.

Әлеуетті өнім берушіні Заңның 9 бабының 1 тармағында көзделмеген негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.



Конкурстық комиссия соманың бір пайызынан астам мөлшерде өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайда, енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп таниды.

  1. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды:
          1) банктік кепілдік түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болғанда;

2) конкурстық комиссияның:

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;

олардың қатысу үшін банктік кепілдік түрінде берілген өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін конкурс тәсілімен Қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауын;

банктік кепілдік түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) өтінімді қамтамасыз ету сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету белгілеген тұлғаны;

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету пайдасына енгізіліп отырған тұлғаны анықтауына мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімге енгізілген, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін қамтамасыз етуді өзге негіздер бойынша тануға жол берілмейді.
      30. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, егер:

  1. ол және (немесе) оның бірлесіп орындаушысы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;

  2. Заңның 6 бабының талаптарын бұзса;

  3. конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды)

Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:

конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі;

Заңның 6 бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.

31. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:

1) біліктілік талаптарына және конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;

2) Заңның 17 бабының 4 тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдердің пайыздық мәнін қолданады;
3)конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді және конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің (конкурсқа қатысушылардың) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсыныстарын беру күнін, уақытын, орнын белгілейді.

31-1. Конкурсқа қатысуға бір конкурстық өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, конкурстық комиссия барлық ұсынылған конкурстық өтінімдерді бағалау және салыстыру кезінде Заңның 17 бабының 4 тармағында санамаланған, конкурстық құжаттамада айтылған өлшемдерді ескереді және оларды тең мөлшерде барлық конкурстық өтінімдерге қолданады.

1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия осы конкурста сатып алынатын тауарларды беру, жұмыстарды орындау және қызметті көрсету нарығында ғана жұмыс тәжірибесін қарайды. Бұл кезде конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде әлеуетті өнім берушінің бір жылдан бастап, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтің нарықтағы жұмыс тәжірибесінің болған әрбір жылға жарты пайызға (0,5%), бірақ бес пайыздан аспай азайтады. Бір жылға дейін жұмыс тәжірибесі болған немесе ол болмаған жағдайда осындай пайыз белгіленбейді. Осы өлшемнің конкурстық өтінімінің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері бес пайыздан аспауға тиіс.

2) конкурстық комиссия пайдалану шығыстарының, сатып алынатын тауарларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің ең аз құны бар конкурстық өтінімді айқындайды және осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде екі пайызға азайтады. Осы өлшемнің конкурстық өтінімнің бағасына жиынтық пайыздық әсері екі пайыздан аспауы тиіс.



3) сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметті мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде үш пайызға азайтады.

4) Мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджменті жүйесін сертификаттауды растайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестігін растайтын құжат болған кезде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша конкурстық комиссия осындай конкурстық баға өтінімін шартты түрде екі пайызға азайтады.

5) Конкурстық комиссия ұсынылатын тауарлардың ең үздік функционалдық сипаттамалары бар конкурстық өтінімді айқындаған кезде осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде жарты пайызға (0,5%) азайтады.

6)Конкурстық комиссия ұсынылатын тауарлардың ең үздік техникалық сипаттамалары бар конкурстық өтінімді айқындаған кезде осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде жарты пайызға (0,5%) азайтады.

7)Конкурстық комиссия ұсынылатын тауарлардың, ең үздік сапалық сипаттамалары бар конкурстық өтінімді анықтаған кезде осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде үш пайызға азайтады.

8)Конкурстық комиссия отандық тауар өндірушілердің конкурстық өтінімінің бағасын он пайызға, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық әлеуетті өнім берушісінің - бес пайызға азайтады;

9)Жергілікті қамтудың бар екендігін қарау кезінде конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің шартты бағасын жергілікті қамтудың әрбір пайызы үшін оннан бір (0,1) пайызға азайтады.

Тауарда жергілікті қамтудың бар болуы СТ-KZ нысанды тауардың шыққан жері туралы сертификатпен расталады.

Әлеуетті тауар жеткізуші сатып алынатын тауардың отандық өндірушісі болып табылған жағдайда, онда конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің бағасын жергілікті қамту болғаны үшін шартты түрде он пайызға азайтады.

Жұмысты, көрсетілетін қызметтерді әлеуетті жеткізушінің жергілікті қамтудың мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегін төлеу құнының жалпы еңбекті төлеу қорынан және осы конкурс (лот) бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін көзделген әлеуетті өнім беруші тікелей де, сол сияқты қосалқы мердігерлік шарт жасасу арқылы да жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін сатып алатын Қазақстан Республикасының резиденттері толық өндіруіне немесе жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстаннан шыққан үлестің (үлестердің) құнынан шартты пайыздық қамтуы ретінде айқындалады.

32. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.



Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге береді немесе жібереді, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтына орналастырады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45 бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.

6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің

конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі

33. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді:

1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы  және оның мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) бекітілуі тиіс;

2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;

3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен көрстілуі тиіс.

Шетел әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінім бағалары АҚШ доллары, еуро немесе ресей рубльменен көрсетілуі мүмкін.

Отандық өнім берушілерге нақты төленетін ақы теңгемен жүзеге асырылады.

Шетел өнім берушілерге нақты төленетін ақы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурстық өтінімнің баға валютасына сәйкес АҚШ доллары, еуро немесе ресей рубльменен жүзеге асырылады.

34. Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: ХҚЕС БОЙЫНША «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕПОЗИТТЕРГЕ КЕПІЛДІК БЕРУ ҚОРЫ» АҚ 2012 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕБІНЕ МІНДЕТТІ АУДИТТІ ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БОЙЫНША КОНКУРС - КОНКУРСТЫҚ БАҒА ҰСЫНЫСТАРЫН (күні, уақыты мен орны конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөнінідегі конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада көрсетілетін болады) ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ».

Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуі сияқты, бірден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді.

7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау

35. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытты және орынды конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.



Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.

Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады;

конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртібімен жария етеді;

конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.

36. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

37. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудио және бейне түсірілімдер жүргізу құқығымен қатысуға құқылы. Бұл кезде конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиіс.

38. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.

39. Конкурстық комиссия:


  1. конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен Қызметтерді осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;

  2. егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;

  3. егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары кері қайтарылғаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген өлшемдердің пайыздық мәнінің олардың конкурстық баға ұсыныстарына қатысты қолдану арқылы осы конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын айқындайды;

  4. ең төмен шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын анықтайды.

Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы теңескен кезде отандық қызмет көрсетуші жеңімпаз болып анықталады. Отандық қызмет көрсетушілердің конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы теңескен кезде конкурстың мәні болып табылатын сатылып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер нарығында көбірек тәжірибесі бар отандық қызмет көрсетуші жеңімпаз болып анықталады.

40. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңімпазын анықтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсілімен ХҚЕС бойынша «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ 2012 жылғы жылдық қаржы есебіне міндетті аудит қызметтерін мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттама ресімдейді. Конкурс тәсілімен ХҚЕС бойынша «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ 2012 жылғы жылдық қаржы есебіне міндетті аудит қызметтерін мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың әрбір бетіне конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ хатшысы қол қояды.

41. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті.


  1. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару

42. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарып береді:

1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;



2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;

5) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткен.
      43. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда:

        1. әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырса;

        2. конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде табыс етпесе не кері қайтарып алса;

        3. конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;

4) конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса қайтармайды.
Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт
44. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Заңның талаптарына сәйкес Жұмыстарды (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт негізінде ХҚЕС бойынша «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ 2012 жылғы жылдық қаржы есебіне міндетті аудит қызметтерін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады.

45. Тапсырыс беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.

46. Заңның 37 бабының 5, 6 және 7 тармақтарында көзделген жағдайларда шарт бір қаржы жылынан артық мерзімге оны жасасу туралы ережелерді қамтуы тиіс.

47. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтуы тиіс.

48. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып саналады.

49. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:

1) ол конкурсқа қатысуға енгізген өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады және тиісті мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді;

2) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.



  1. Егер өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындаған жағдайларда, тапсырыс берушіге өнім берушінің шарт талаптарын бұзу фактісі туралы мәлім болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, тапсырыс беруші мәліметтерді уәкілетті органға ұсынуға және өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге міндеттенетін болады.

Конкурстық құжаттаманың

1 қосымшасы


Каталог: files -> uploads -> file -> konkurs docs
file -> Документ: ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2016. 26. 12 №311 Қаулысы
file -> Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне өтуге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктердің қосылуы жөніндегі өтініш нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
file -> Тұрақтандыру банкін басқару, оларды жасасуға қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелерді жасасу, консервациялау режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі операцияны жүргізу
file -> Қазақстан республикасының Ұлттық банкі 2014 жылғы 11 ақпандағы
konkurs docs -> Конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші: «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ
konkurs docs -> Конкурсная документация по закупке лицензионного программного обеспечения, системы хранения данных и сетевых карт способом конкурса
konkurs docs -> Конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші: «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет