Конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші: «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ



жүктеу 0.87 Mb.
бет7/7
Дата21.04.2019
өлшемі0.87 Mb.
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7



Заказчик: Поставщик:

____________ Б. Маженова _________________

м.п. м.п.

«__» ______ 2012 ж № ____

Тауарды сатып алу шартына 3-қосымша


_____жылғы __________ № ___ шарт бойынша

тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпараты

 


Отандық тауар құны, теңге

Отандық тауардың жалпы құны, теңге

«CT-KZ» сертификатында көрсетілген, тауарда қазақстандық мазмұнның үлесі

Мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұн, теңге

Мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұн, %

БСН, ЖСН

Мәртебе

Шағын кәсіпкерлік субъекті


1

2 бғ.=1 бғ.*сандарға

3

4=2 бғ. *3 бғ./100%

5 бғ. =4 бғ. /Шарттың жалпы сомасына *100%

6

7

8




























Тауарөндірушілер туралы ақпарат

Импорт бойынша тауар құны, теңге

Импорт бойынша

тауардың жалпы

құны, теңге


Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні)

СТН

БСН, ЖСН

Орналасқан елі

Мәртебе

9

10

11

12

13

14

15 бғ. = 14 бғ.*сандарға






















Көрсетілген мағлұматтардын нақтылығын растаймын.

Басқарушының қолы және аты, жөні, тегі.
МО.


Тауарларды мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі

туралы ақпараттың нысанын Өнім берушімен толтыруы бойынша нұсқамалар
1 «Отандық тауардың құны» бағанында тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін отандық тауар өндірушілерінде беруші сатып алатын тауарлардың құны көрсетіледі, немесе отандық өндірушімен өндірілген тауардың құны («CT-KZ» сертификат құжатымен расталып бар болған жағдайда ғана толтырылады).

2 «Отандық тауардың жалпы құны» бағанында мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын тауарлардың суммарлық мәні көрсетіледі.

3 «CT-KZ» сертификатында көрсеілген, тауарда қазақстандық мазмұнның үлесі» - «CT-KZ» сертификатымен анықталған, соңғы өнімнің құныңда қазақстандық мазмұн пайыздарда көрсетіледі.

4 «Мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұн» бағаны бойынша тауар мен еңбекақы құны анықталатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезіндегі қазақстандық мазмұн көрсетіледі.

5 «Мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұн, %» бағаны бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы құнынан тауар мен еңбекақы төлеу құнының пайыздық мазмұны ретінде анықталады.

6 «БСН, ЖСН» бағанында бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) – заңды тұлғалар үшін, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке кәсіпкерлер үшін көрсетіледі.

7 «Мәртебе» бағанында мынадай мәтін бөлігінің сәйкестігі және код аймағының мәні негізге алына отырып, толтырылады;

отандық тауар өндірушілер – 1;

резидент емес – 2;

отандық кәсіпкер – 3 (Өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып және отандық тауар өндіруші болмаған кезде көрсетіледі).

8 «Шағын кәсіпкерлік субъекті» иә деп – егер Өнім беруші шағын кәсіпкерлік субъектісі болған жағдайда, жоқ деп - Өнім беруші орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болған жағдайда көрсетіледі.

9 «Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні)» бағанында заңды тұлғаның толық атауы немесе шартқа сәйкес жеке тұлғаның – тауар өндірушінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.

10 «СТН» бағанында салық төлеушінің – қосалқы мердігердің тіркеу нөмірі (СТН) көрсетіледі.

11 «БСН, ЖСН» бағанында бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) – заңды тұлғалар үшін, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке кәсіпкерлер үшін көрсетіледі.

12 «Орналасқан елі» бағанында тауар өндірушінің орналасқан елі көрсетіледі.

13 «Мәртебе» бағанында мынадай мәтін бөлігінің сәйкестігі және код аймағының мәні негізге алына отырып, толтырылады;

отандық тауар өндірушілер – 1;

резидент емес – 2.

14 «Импорт бойынша тауар құны» бағанында шартты орындау үшін Қазақстан Республикасына әкелінетін теңгемен тауарлардың құны көрсетіледі (нүктеден кейін екінші он сандық белгі дәлдігімен).

15 «Импорт бойынша тауар құны» бағанында шартты орындау үшін Қазақстан Республикасына әкелінетін тауарлардың жалпы құны көрсетіледі (нүктеден кейін екінші он сандық белгі дәлдігімен).

Осы нұсқамада келесі ұғымдар пайдаланады:

1. отандық кәсіпкерлер – Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушілер;

2. Қазақстан Республикасының резиденті– шетел мемлекетінде тұрақты тұру құқығына осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, оның ішінде шетелде уақытша жүрген немесе оның шегінен тыс жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары;

Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында тұратын жері бар барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде тұратын жері бар олардың филиалдары мен өкілдіктері;

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі оның дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкілдіктері;

3. резидент емес - резидент емес болып табылатын (заңды немесе жеке) тұлға;

4. отандық тауар өндірушілер – Қазақстан Рес­публикасының резиденттері болып табылатын және:

Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 34-бабында тізбеленген, толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды;

Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 35-бабында белгіленген жеткілікті өңдеу критерийлеріне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткілікті өңделген тауарларды өндіретін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

5. Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Мыналарды:

есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметті;

акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме сатуды;

астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;

лотереялар өткізуді;

ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметті;

сертификаттау, метрология және сапаны басқару саласындағы қызметті.


Қысқартылған сөздердің тізімі:

БСН – бағанында бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінде көрсетілген)



ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғаның куәлігінде көрсетілген)
Каталог: files -> uploads -> file -> konkurs docs
file -> Документ: ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2016. 26. 12 №311 Қаулысы
file -> Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне өтуге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктердің қосылуы жөніндегі өтініш нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
file -> Тұрақтандыру банкін басқару, оларды жасасуға қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелерді жасасу, консервациялау режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі операцияны жүргізу
file -> Қазақстан республикасының Ұлттық банкі 2014 жылғы 11 ақпандағы
konkurs docs -> Конкурсная документация по закупке лицензионного программного обеспечения, системы хранения данных и сетевых карт способом конкурса
konkurs docs -> Конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші: «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ
konkurs docs -> Конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші: «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет