Алматы метрополитенін салу кезінде 5 миллиард теңгеден астам қаржы ұрланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.

Бас көлік прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысында былтырғы жұмысы қорытындыланды. Алқа отырысында Алматы метрополитенін салу кезінде 5 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқыру дерегін тергеудің аяқталғаны туралы айтылды.

"Метрополитен" КМК, "Алматыметроқұрылыс" АҚ лауазымды тұлғалары мен басқа да тұлғаларға қатысты 5 миллиард теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру және Алматы метрополитенін салу кезінде жалған шот-фактуралар жазып беру деректері бойынша тергеу аяқталды. Қылмыстық ісматериалдары сотқа жолданды", – деп жазылған прокуратураның хабарламасында.

  • Алматы метросын салу кезінде 5 млрд теңге жымқырғандардың ісі сотқа жолданды

"Метрополитен" КМК-да 5 миллиард теңге жымқыру дерегі бойынша тергеу 2023 жылы 28 тамызда аяқталды. 

Мәлім болғандай, тергеу нұсқасы бойынша күдіктілер Алматының жаңа метрополитен желісін салу кезінде үлкен басқару функцияларына ие болған. Дәл осы өкілеттер оларға қылмыстық жағдай жасап, 5 миллиард теңгені ұрлауға мүмкіндік берген. 

Ол үшін олар жалған баға ұсыныстарын жинауды ұйымдастырған және соның негізінде жабдықты бағадан 10 есе жоғары бағамен сатып алу сметасы жасалған. Кейін ұрланған ақшалар жалған кәсіпорындар арқылы қолма-қол ақшаға айналып отырған. 

Сонымен қатар, қымбат үш пәтер, Алматыдағы офистік кеңсе, Алматы облысында жер учаскесі, люкс автокөліктер, брендті сағаттар және күдіктілердің басқа да активтеріне арест салынды.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.