Ерекше дауыс иесі, халықаралық байқаудың жүлдегері Қайрат Түнтеков шығармашылығындағы соңғы жаңалықтарын бөлісті. Сондай-ақ өзіне қатысты қауесеттерге де нүкте қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Коллаж: ашық дереккөз

Өнер иесі өзін Димаш Құдайбергенмен салыстыратындарға өкпелі.

“2010 жылы француздың танымал “SOS d'un terrien en detresse” әнін алғаш мен орындадым. Одан кейін Димаш қытай сахнасында айтып шықты.“Қайрат Димаш секілді орындай алмайды” екен деген әңгіме де естідім. Өзімнің ойымша, екеуміздің орындауымызда да сәтті шықты. Музыкадан хабары бар адам екі түрлі бағытта айтылған әнді бірден байқайды. Халық не үшін мені Димашпен салыстыратынын түсінбеймін. Менікі – тап-таза, қоспасыз эстарадалық бағыт. Димаштікі – театрландырылған опералық бағыт. ”, – деп түсіндірді әнші. 

Сондай-ақ аталған әнді репертуарынан сызып тастағанын да айтты. 

“Соңғы кезде ол әнді мүлдем айтпаймын. Өйткені сөздері өте ауыр. Түсінген адам өлім туралы ән екенін біледі. Кейде халық соған вальс билеп жатады. Тойларға шақырғанда француз әнін сұрап жатады. “Кешіріңіз, бұл әнді айтпағаныма көп болды. Ұнатқан әніңізді айтып берейін” деймін. Тарихын білгеннен кейін, қинамайтын болды”, – дейді өнер иесі. 

Еске салайық, көп көзіне түсе бермейтін Қайрат Түнтеков алғаш рет отбасы туралы айтқанын жазған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.