“Манашы” мемлекеттік табиғи қорығында сирек кездесетін жыртқыш – ақ қасқыр көзге түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

©️mangystaumedia.kz

Облыстағы табиғат басқармасы мамандарының айтуынша, ақ қасқыр Маңғыстауда өте сирек кездесетін жыртқыш аң.

  • Солтүстік Қазақстанда белгісіз жыртқыш бір отар қойды қырып тастады
  • Қарағанды ​​облысында үш адамға қасқыр шапты: Полиция жыртқышты іздестіріп жатыр
  • Қарағанды облысында қасқыр үш адамды талап, қойларды қырып кеткен

“Оның сезімталдығы жоғары және асқан төзімділікке ие. Ақ қасқыр өзі мекендейтін аймақтағы ең қауіпті жыртқыш болып саналады. Оның салмағы мекен ететін жеріне байланысты шамамен 30-80 келіге жетуі мүмкін”, – дейді Маңғыстау облыстық табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мамандары.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында үш адамға шабуыл жасаған қасқырдан құтырма ауруы анықталған болатын. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.