Букингем сарайының баспасөз қызметі дәрігерлердің Ұлыбританияның қазіргі королі III Чарльзге қатерлі ісік диагнозын қойғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: royal.uk

Монарх сырқатына байланысты қоғамдық міндеттерін уақытша кейінге қалдырды. Десе де, король ресми құжаттарды қарап, мемлекеттік істерді жүргізуді жалғастыра бермек.

“III Чарльз қуықасты безінің ұлғаюына байланысты ота жасау үшін ауруханаға жатқызылған еді. Ота сәтті өтіп, ол ауруханадан шықты. Кейін диагностикалық тестте оның қатерлі ісікке шалдыққаны анықтылды”, – делінген хабарламада. 

Сарайдың баспасөз қызметі корольдің тұрақты түрде ем алуды бастап кеткенін мәлімдеді.

Айта кетейік, III Чарльз 2022 жылдың қыркүйегінде анасы II Елизавета қайтыс болғаннан кейін таққа отырды. 6 мамырда Ұлыбританияда III Чарльз патшаға тәж кигізу рәсімі өткен еді.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.