Мәжіліс тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарға жазаны қатаңдататын заңнамаға түзетулерді қабылдады. Депутаттар арасында бұл құжатқа қарсы шыққандар болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Түзетулер денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, ұрып-соғу, 16 жасқа толмағандарды азғындау және басқа әрекеттерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздейді.

Депутаттар екі заң жобасына – кейбір заңнамалық актілерге әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер енгізуге, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізуге дауыс беруге тиіс еді.

Бірінші заң жобасына 90 депутат дауыс беріп, 82-сі қолдады, ал үшеуі қарсы болды, бесеуі қалыс қалды. Екінші заң жобасы бойынша 91 депутат дауыс беріп, 82-сі қолдады, ал екеуі қарсы шығып, алтауы қалыс қалды.

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жұлдыз Сүлейменова дауыс беру анонимді түрде өтетінін айтты. Ол заң жобаларына кімнің қарсылық танытқанын білгісі келетінін мойындады.

Ал депутат Асхат Айтмағамбетов депутаттық корпус арасында айқын қарсылық болмағанын және дауыс беру нәтижесі бойынша заң жобасын қолдаушылар көп екенін айтты.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.