Танымал әнші, көпбалалы ана Алтынай Жорабаева бала күтіміне қатысты сұрақтарға жауап беріп, оқырмандарынан кеңес те сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/

Әнші жаңа туған сәбиімен үйіне оралды. 

“Алла ұлық! Қуанышымызды бөлісіп келген туғандарымызға, құрбы-құрдастарымызға мың алғыс! Амина қызымыз дүниеге келгелі, құттықтап ақ тілек жаудырып жатқан баршаңызға Алла разы болсын”, – деп жазды әнші. 

Сондай-ақ, ол жаңа туған сәбиіне қатысты бірнеше сұраққа жауап берді. 

“13 жыл бұрын Көркемімді босанған едім. Әминамен бірінші рет босанған сияқты болып жүрмін. Барлығын басынан бастап үйреніп жатырмын. Негізі мен мүлдем шай ішпейтін адаммын. Дәл қазір сүтті шай ішіп, терлеп отырмын. Жаңадан босанған әйелге сүт болсын деп “қалжа сорпа”, “быламық” беруші еді. Сол быламықты ішсем бе деп отырмын”, – дейді көпбалалы жұлдызды ана. 

Сонымен қатар босану процесінің де қалай өткенін айтып берді. 

“Біраз сұрақ келіп қалыпты. Неше түрлісі бар. Жалпы, жүктілікке дейін де, кейін де дәрумендер қабылдап жүрдім. Өзім табиғи жолмен босандым. Әрине, адамнан адам шығу оңай емес. Әсіресе толғақ”, – деп жауап берді өнер иесі. 

Еске салайық, әнші бесінші қызын дүниеге әкелгенін жазған едік. 

 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.