Алдағы үш күнде скандинавиялық циклон біртіндеп ел аймағынан тысқары шығады. Бірақ Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа-райы, боран мен екпінді жел және көктайғақ құбылыстары сақталады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Қазгидромет ақпаратынша, атмосфералық қысымның жоғарылауы, жауын-шашынның қысқа мерзімді тоқтауы болжанып отыр.

Еліміздің солтүстігінде түнде 20-28, күндіз 15-20 градус болады. Ал оңтүстік аймақтарда Иран жағынан келетін оңтүстік циклон әсерінен жауын-шашын, жаңбыр, желдің күшеюі, тұман және көктайғақ құбылыстары күшейеді.

Айта кетейік, Алматыда 12 ақпанда сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін биіктігі 20 см-ге дейін қалың қар жауады деп болжанып отыр. Бұл ақпан айындағы орташа айлық жауын-шашынның шамамен 40% құрайды. Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері дайындық жұмысын бастап кетті.

Бұған дейін Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров әлеуметтік желісінде өңірдегі боран жөнінде бейнежазба жариялағанын жазған едік.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.