Медицина ғылымдарының докторы, терапевт, диетолог Маргарита Королева кофенің есте сақтау қабілетін жақсартатын қасиетке ие екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Кофеин қан айналымын арттырып, мидағы микроциркуляцияны жақсартады. Осылайша ол когнитивтік функцияға оң әсерін береді. Сол себепті дәрігер күніне 1-2 шыныаяқ кофе ішуге кеңес береді. 

“Десе де кофені мөлшерден тыс ішу де денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіреді. Ол адам ағзасына магний, кальций, темір және мырыш сияқты минералдардың сіңуіне кедергі келтіреді”, – дейді Маргарита Королева. 

Маманның айтуынша, кофе ағзаны құрғатып жібереді. Сондықтан бір шыныаяқ кофеден кейін міндетті түрде су ішкен дұрыс. Сондай-ақ ол кофенің гипертониясы бар және жүрек қағысы бұзылған адамдарға зиян екенін ескертеді. Себебі кофе қан қысымның көтерілуіне және жүрек қағысының бұзылуына әкеліп соғады.

Бұған дейін маман кеңсе қызметкерлеріне салауатты өмір салтын сақтаудың құпиясын айтқан еді. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.