Бала бақилық болған жағдайда “Ұлттық қор – балаларға” жобасынан түскен қаржы кімге беріледі, қалай жұмсалады деген сұраққа Ұлттық қор өкілі жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
"Егер бала қандай да бір жағдайда өмірден өтсе қорда жиналған ақшасы ата-анасына беріле ме?", — деп сұрады Stan.kz тілшісі.
"Жаман айтпай жақсы жоқ, егер қандай да бір жағдай болып бала өмірден өтетін болса, қаражат баланың ата-анасына немесе басқа да мұрагерлеріне қазіргі азаматтық кодекстің ерекше бөлігінде айқындалған тәртіппен беріледі", — деп атап өтті Ұлттық қор және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры.
Сонымен қатар Айбол Арғынғазыұлы мұндай кезде қаржының қайда жұмсалғаны тексерілмейтінін айтты.
"Ондай жағдайда қаражаттың көзделген мақсатқа сай жұмсалуы талап етілмейді. Яғни ата-анасы немесе басқа да заңды мұрагері саналатын азамат қаражатты өз қалауынша жұмсай алады", — деп түсіндірді ол.
Бұған дейін қор өкілі Ұлттық қорда қаражат таусылып қалса бала ақшасыз қала ма деген сұраққа жауап беріп, қор ақшасын, керісінше, көбейту көзделіп отырғанын айтқан еді.
Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.