Желіде Ресейдің ең ірі "Крокус Сити" сауда және іскерлік орталығында террористтердің өтіп бара жатқан адамды бауыздаған видеосы қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеокадрдан алынған

Ama агенттігі жариялаған (ИГ) бейне кадрларда лаңкестік шабуылға тікелей қатысушылардың атысты қалай бастап жатқаны көрсетілген. Сонымен қатар қанпезерлер еденде жатқан келушілердің бірінің тамағын пышақпен кесіп жатқаны көрінді.

"Кәпірлерді жеңеміз. Алла ұлы. Біз мұнда Құдайдың діні үшін келдік. Қаруларыңызды алып жүріңіз, оларды өлтіріңдер! Өкінбеңдер! Құдай Ұлы, кәпірлерді жеңеді", – дейді видео жазбалағы террористтердің бірі.

Еске сала кетсек, 22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Террористер ғимаратта 18 минут болған. 

  • Сағат 19.55-те "Крокус" ғимаратының алдына "Рено Симбол" тоқтап, ішінен автомат асынған террористер шығып, ғимаратқа қарай жүгіріп, адамдарға оқ жаудырып, күхетшілерді атып тастаған. 
  • 20:03-ке таман террористер концерт залының көрермендер отырған залына кіріп, алдынан шыққан адамдарды атып, креслоларды өртей бастайды. Шабуыл жасаған адамдарда бензин болған. 
  • Террористерден қашып құтылған адамдар терезелерді сындырып, ғимараттан қаша бастаған. 
  • 20:13-те ақ "Рено Симбол" мінген төрт қаскөй "Крокустың" көлік тұрағынан кете бастаған. 

Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.