Күршім ауданындағы 14 мешіттің 11-інде бүгінгі күні 12 имам қызмет атқарады



жүктеу 12.73 Kb.
Дата24.03.2018
өлшемі12.73 Kb.

Діни ахуал

Күршім ауданында барлығы 14 мешіт тіркелген, барлығының бағыты - дәстүрлі ислам діні. Олар: Күршім орталық мешіті, Теректі, Алғабас, Аманат, Барақ батыр, Боран, Бурабай, Бірлік, Қаратоғай, Қалжыр, Қарой, Құйған, Маралды, Теректібұлақ ауылдық мешіттері. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес 2012 жылы барлық мешіттер мемлекеттік тіркеуден өткен.

Ағымдағы жылы аудандық және облыстық ақпараттық-насихат тобы мүшелері радикалды діни идеологияның және басқа теріс пиғылды көзқарастардың ықпалына ұшырамаған тұрғындар, әсіресе жастар арасында тағатты сана мен патриоттық сезімдерін нығайту, сондай-ақ, бұрмаланған діни көзқарастардың қалыптасуының алдын алу мақсатында, 2015 жылы ауданның 20 елді мекенінде болып, барлығы 33 кездесулер өткізді. Кездесулерге жоғарғы сынып оқушылары, жастар, әскери бөлім сарбаздары, аудан активі, мекеме, ұйым қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, ауыл тұрғындары, оралмандар, жұмыссыздар, жеке кәсіпкерлер қатысып, барлығы 2140 адам қамтылды. Атап айтқанда, биылғы жылы Күршім, Сарыөлең, Бірлік, Барақ батыр, Бурабай, Қойтас, Ақбұлақ, Алтай, Қарой, Қайнарлы, Теріскей-Бөкенбай, Қаратоғай, Боран, Қарашілік, Былғары-Табыты, Қалжыр, Оң жақ Қалжыр, Ақши, Қазақстан, Жаңаауыл, Алғабас, Теректі ауылдарында ақпараттық топ түсіндірме жұмыстарын жүргізіп қайтты.

Күршім ауданындағы 14 мешіттің 11-інде бүгінгі күні 12 имам қызмет атқарады.



Дәстүрлі құндылықтарға дағдыландыру, діни тұрақтылықты сақтау, қоғамда терроризмге қарсы сананы қалыптастыруды бұқаралық құралдары арқылы насихаттау мақсатында аудандық «Рауан»-«Заря» газетінде «Имандылық» атты айдар ашылып, онда айына 1 рет тұрақты түрде мақалалар жариялануда. 2015 жылдың 9 айында барлығы 23 мақала газет беттерінде, аудан әкімінің веб-сайтында жарық көрді.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет