Күршім ауданының әкімі А. Сеитовке



жүктеу 65.44 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі65.44 Kb.



Күршім ауданының әкімі

А.Сеитовке

2014 жылы бөлімде құрылыс бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды:

Аудан бойынша 80 орындық төрт мектеп, 300 орындық мәдениет үйі және дәрігерлік амбулотория құрылыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.



Нысан атауы

Тапсырысшы

Мердігер

Құрылыс мерзімі

Басталуы

Аяқталуы

Ақсуат ауылындағы 80 орындық мектеп құрылысы

Күршім аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

«Сары-Асыл» ЖШС

14.05.2013

31.10.2014ж

Жаңаауыл ауылындағы 80 орындық мектеп құрылысы

Күршім аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

«Сары-Асыл» ЖШС

15.04.20113

30.08.2014ж

Қойтас ауылындағы 80 орындық мектеп құрылысы

Күршім аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

«Себанур» ЖШС

28.06.2013

19.08.2014ж

Шеңгелды ауылындағы 80 орындық мектеп құрылысы

Күршім аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

«Элхон-Строй» ЖШС

15.04.2013

30.08.2014ж

Бурабай ауылындағы дәрігерлік-амбулотория құрылысы

Облыстық құрылыс, қала құрылысы және сәулет басқармасы

«ПСК Өскемен-Құрылыс» ЖШС

01.05.2014

22.11.2014ж

Күршім ауылындағы Мәдениет үйі құрылысы

Күршім аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

«ПСК Өскемен-Құрылыс» ЖШС

03.05.2013

Желтоқсан 2014ж


Күршім ауданы Ақсуат ауылындағы алты тұрғын үй құрылысына облыс әкімінің табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға көзделген резервінен 30000000 (отыз миллион) теңге көлеміндегі сома төмендегідей бөлінді:

-5 бөлмелі екі үйге 19 643 866 (он тоғыз милиион алты жүз қырық үш мың сегіз жүз алпыс алты) теңге бөлінді. Мердігер «ТНУ» ЖШС, директоры – Оразбеков Н.

-3 бөлмелі бір үйге 6 699 808 (алты миллион алты жүз тоқсан тоғыз мың сегіз жүз сегіз) теңге бөлінді. Мердігер «Боран -М» ЖШС, директоры – Алинов М.Н.

-3 бөлмелі бір үйге қалған 3 656 326 (үш миллион алты жүз елу алты мың үш жүз жиырма алты) теңге мердігер «Ера Құрылыс» ЖШС-не аударылды. директоры – Жармұхамбетова Р.Н. Және Күршім ауданы әкімінің резервінен қоса қаржыландыру арқылы 1 667 000 (бір миллион алты жүз алпыс жеті мың) теңге бөлінді. Үш бөлмелі бір үйге бөлінген жалпы қаржы 5 323 326 (бес миллион екі жүз отыз екі мың үш жүз елу алты) теңге.

Бүгінгі күні, облыс әкімінің табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға көзделген резервінен бөлінген 30 000 000 (отыз миллион) теңге толығымен игерілді.

2014 жылға 6 инвестициялық жобаның жобалық – сметалық құжаттамалары әзірленді және олардың нәтижесі төмендегідей:



Жолнұсқау ауылындағы 50 орындық мектептің ЖСҚ құны 4 млн тг. Жобалаушы: «ВостокОблПроект»ЖШС, директоры Толыбаев Қ. ЖСҚ 2014 жылдың 6 тамызында №06-0211/14, мемлекеттік сараптамадан оң нәтижемен шықты.

Теректі ауылындағы Қабанбай батыр көшесіндегі 24 пәтерлі тұрғын үйге лайықтап, қайта жаңартуға ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан 2014 жылдың 11 қыркүйегінде (№06-0017/15) оң нәтижемен шықты.

Қалжыр ауылындағы су құбыры жүйесінің ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан 2014 жылдың 9 қыркүйегінде (№06-0245/14) оң нәтижемен шықты.

Күршім ауылындағы 140 орындық балабақшаның жобалық-сметалық құжаттамасын «ВостокОблПроект» ЖШС-гі әзірлеуде, директоры Толыбаев Қ. Жоба мемлекеттік сараптамадан 2015 жылдың 16 сәуірінде (№06-0135/15) оң нәтижемен шықты.

Теректі ауылындағы қатты қалдықтар полигонының ЖСҚ құны 3 млн тг. Жобалаушы: «Феррато» ЖШС, директоры Кустова Н.В. Жоба мемлекеттік сараптамадан 2015 жылдың 8 қаңтарында (№06-0017/15) оң нәтижемен шықты.

Боран ауылындағы су құбыр жүйесі ЖСҚ құны 5 млн тг. Жобалаушы: «ПроектСметСервис» ЖШС, директоры Қоқымбаев Б. ЖСҚ қажетті алғашқы мәліметтер берілді. ЖСҚ 2014 жылдың 31 желтоқсанында мемлекеттік сараптамадан (№06-0475/14) оң нәтижемен шықты.

Боран ауылының бас жоспарын әзірлеу құны 2,5 млн тг. Әзірлеуші: «ПроектСметСервис» ЖШС, директоры Қоқымбаев Б. Боран ауылының бас жоспары 2015 жылдың 13 шілдесінде аудандық сессия маслихатымен бекітіледі.

2015 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстар:

2015 жылдың алты айында тұрғын үйді еңгізу бойынша орындалғаны 1470,0 шаршы метр, құрылыс монтаждау жұмыстарының көлемі бойынша орындалғаны – 625,0млн тг.

2015 жылы Ақжайлау, Үшбұлақ ауылдарындағы 80 орындық мектептің және Сарыөлең ауылындағы дәрігерлік амбулоторияның құрылысын аяқтап, пайдалануға беру. Нысандардың тапсырысшысы – ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.

Ақжайлау ауылындағы 80 орындық мектеп:

Мектептің құрылысын жүргізіп жатқан мердігер «Элхон-Строй» ЖШС, директоры – Кайдарханова Р.К.

Құрылысты жалғастыру жұмыстары 2014 жылдың қыркүйек айында басталды. Аяқталу уақыты 2015 жылдың қыркүйек айы.

Келісім-шарт бойынша суммасы - 213,056 млн тг. 2014 жылы игерілген қаржы- 58,791 млн тг. 07.07.2015 ж. игерілген қаржы- 73,753 млн тг. жалпы игерілгені-132,544 млн тг.

Бүгінгі күні төмендегідей жұмыстар атқарылды: екі қабаттың қабырғалары толығымен қаланып, төбесі жабын плиткасымен жабылған. Сейсмикалық белдеулері құйылған. Төбесі шатырланған. Спорт залдың сыртқы және ішкі қабырғалары жылыту материалдарымен және сыртқы қабырғасы сайдингпен қапталған. Терезелері орнатылған. Электр, су-құбыр және кәріз жүйелері тартылған. Санитарлық торап толығымен тартылды. 51 метрге дейін ұңғыма қазылды, су шықты. Екінші қабат: Бөлмелер арасы бөлінген; Едендері тақтайланған; Ағарту жұмыстары жүргізілген; Вентеляциялық құбырлар орнатылған; Есіктері орнатылған; Еденін кафелмен жауып бітті; Баспалдақтарды кафелдеп жатыр; өрт хабарлағышы орнатылған. Спорт залдың еденін тарту (стяжка) жұмыстары бітті.

Екінші қабатта сырлау жұмыстары жүріп жатыр.

Бірінші қабаттың еденін құйып бітірді. Бөлмелер арасын 50 пайызға бөлді. Құрылыс басындағы 19 жұмысшы. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар: ішкі әрлеу және абаттандыру жұмыстары. Құрал жабдықтармен жабдықтау.

Үшбұлақ ауылындағы 80 орындық мектеп:

Мектептің құрылысын жүргізіп жатқан мердігер «Аква Строй» ЖШС , директоры – Ахметов Ж.

Құрылысты жалғастыру жұмыстары 2014 жылдың тамыз айында басталды.

Келісім-шарт бойынша суммасы – 42,095 млн тг. 2014 жылы игерілген қаржы- 38,148 млн тг. 07.07.2015 ж. игерілген қаржы- 0,0 млн тг. жалпы игерілгені-38,148 млн тг.

Бүгінгі күні төмендегідей жұмыстар атқарылды: екі қабаттың қабырғалары толығымен монолитті бетонмен құйылып, мектептің негізгі бөлігінің төбесі жабын плиткасымен жабылған. Сейсмикалық белдеулері құйылған. Шатырланған. Спорт залдың қабырғалары монолитпен құйылып жатыр. Терезелер салынып жатыр. Бірінші қабаттың ішкі-сылақ жұмыстары басталды. Құрылыс басында 10 адам жұмыс істеп жатыр. Техникадан: 1 кран мен 1 МАЗ.

Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар: сыртқы қабырғаларын қаптау.Ішкі әрлеу және абаттандыру жұмыстары. Есік-терезелерді орнату. Су-құбыр, кәріз және электр желілерін тарту. Сыртқы кәріз және таза су ұңғымасы мен өрт резервуарын қазу. Спорт зал құрылысын аяқтау. Құрал жабдықтармен жабдықтау.



Сарыөлең ауылындағы дәрігерлік амбулатория:

Тапсырысшы - Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.

2014 жылы келісім шарт жасалды, келісім шарт негізінде мердігер «ФСК Астана-Құрылыс» ЖШС-гі. Техникалық бақылаушы- ИП «Жаксылыков». Авторлық бақылаушы: «ОблЖолКамхозСтрой».

Келісім шарт суммасы – 112,321 млн тг. 2014 жылы игерілгені – 4,945 млн тг. 07.07.2015 ж. игерілген қаржы- 14,0 млн тг. жалпы игерілгені-18,945 млн тг.

2014 жылдың қараша айында дәрігерлік амбулотория құрылысы басталған. Аяқталу уақыты 2015 жылдың тамыз айы.

2015 жылдың мамыр айында фундамент орнын қазу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта фундамент құйып жатыр.

Құрылыс басында 16 адам мен 2 техника (кран мен жүк тиегіш) жұмыс істеуде. Құрылыс басына 28 мың дана кірпіш, 48 тонна цемент және 208 тонна қиыршық тас әкелінген.

Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар: ғимараттың қабырғасын көтеру. Ішкі әрлеу және абаттандыру жұмыстары. Есік-терезелерді орнату. Су-құбыр, кәріз және электр желілерін тарту. Құрал жабдықтармен жабдықтау.




Күршім ауданы

әкімінің орынбасары Қ.Әзімбаев

Орын: А.Мұқтарбекова

Тел: 8 (72-339) 22-100


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет